• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:17:39
Алматы
+35°

«Алматыэлектротранс» ЖШС Zhongtong маркалы жаңа автобустардың алғашқы легін сатып алды. Жақын күндері, мемтіркеуден және дайындықтан өткен соң автобустар тестілік режимде № 12 бағыт бойынша жолға шығып, «Қазақстан» қонақ үйінен (Достық даңғылының бұрышы – Құрманғазы көшесі) Медеу мұз айдынына дейін барады. Автобус сұйытылған (сығылған) табиғи газбен (CNG) жүреді, кондиционерлермен және видеобақылаумен жабдықталған.

Тасымалдаушы компания хабарлағандай, автобустар арнайы қалалық жолаушылар тасымалы үшін жасалған. Сыйымдылығының үлкен болуымен қатар көліктерді төмен еденді конструкциялары ерекшелендіреді.

Көліктің сыйымдылығы – 104 адам, 22 отыратын орын және қимылы шектеулі жолаушылар үшін 3 орын бар.

Кейінгі кезекте «Алматыэлектротранс» ЖШС әуежай мен қаланың ықшамаудандарын байланыстыратын №92 бағыттағы көліктерді жаңартатын болады.

«Алматы әкімі Б. Сағынтаев қойған басты міндет – көрсетілетін қызмет сапасын жоспарлы түрде арттыру және қозғалыстар интервалын қысқарту», – деп атап өтті тасымалдаушы компания.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір