• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:32:24
Алматы
+35°

03 Қазан, 2019 NEWS

Білім ошақтарында экосағат өтті

Жалпыреспубликалық шараны экология, геология және табиғи ресустар мен білім және ғылым министрліктері ұйымдастырды.

Қаланың барлық мектептерінде экосағат барысында «Адам және табиғат» танымдық-дамыту сабағы өтті. Осы шара қарсаңында «Жер – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында суреттер мен плакаттар конкурсы өткен еді, бүгін оның жеңімпаздары марапатталды.

«Экологиялық сағаттың мақсаты балалар мен жасөспірімдердің назарын экологиялық тепе-теңдікті сақтау проблемаларына аудару, табиғатты аялай білуге және табиғи ресурстарға деген оң көзқарасты қалыптастыруға тәрбиелеу», – деп атап өтті № 105 мектепте болған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Бұл күні қаланың барлық мектептерінде экологиялық сабақтар өтті, оларға танымал спортшылар, мәдениет пен өнер қайраткерлері қатысты.

almaty.gov.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір