• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 19:29:31
Сайлау қарсаңында "жоғалып кеткен" актер Шри-Ланкадан сәлем жолдады (видео)

04 Қазан, 2019 NEWS

Қоғамның міндеті – мұғалімнің мәртебесін көтеру

Бүгін, 4 қазанда қала әкімі Б. Сағынтаев Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шараға қатысты.

Бақытжан Сағынтаев өскелең жас ұрпақтың бойына өміршең құндылықтарды қалыптастыруда мұғалімнің маңызды рөл атқаратынын атап өтті, деп жазады almaty.gov.kz сайты.

«Бүгінгі өмірде мұғалім тек кәсіби сауатты болумен қатар, білім берудің жаңа құралдары мен әдістерін меңгеруі, қоғамда болып жатқан өзгерістерді жете сезінуі тиіс. Бүгінгі күні балаларды өз беттерінше ойлай білуге, шешім қабылдауға және өз таңдауы үшін жауапкершілікті мойнына алуға үйрету қажет. Сіздер күн сайын оларға жаңа Қазақстанның лайықты азаматтары болуға көмектесіп келесіздер», – деп атап өтті қала әкімі.

Ол өзінің сөзінде қоғамның міндеті – мұғалімнің беделін ту биікке көтеру екенін қадап айтты.

«Біз мұғалімге балаларымызды, яғни болашағымызды сеніп тапсырамыз. Еліміздің болашағы мұғалімге тікелей байланысты», – деді Б.Сағынтаев.

Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жас мұғалімдерге қолдау көрсетілуде. Биылғы жылы 634 жас мұғалім 50,5 мың теңге көлемінде бірретік материалдық көмек алды. Оның жалпы сомасы 32 млн. теңге.

Бұдан өзге, 2020 жылдан бастап мегаполистің үздік мұғалімдері үшін Алматы қаласы әкімінің арнайы гранты енгізілмек. Үздік педагогикалық ұжым дәстүрі жалғасын табады. Бүгін 10 жеңімпаз мектептердің мыңнан астам ұстаздары ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Салтанатты шара барысында «Үздік педагогикалық ұжым» байқауының қорытындысы шығарылды. № 182 мектептің мұғалімдері Гран-приді ал, бірінші орынды № 169 мектеп-лицейі мен № 174 мектеп-гимназиясы иеленді. Үш екінші орынды № 177 жалпы білім беретін мектеп, № 126 арнайы лицей, № 115 жалпы білім беретін мектеп алды. Үшінші орынды № 110 мектеп-гимназия, №79 гимназия, № 198 жалпы білім беретін мектеп пен № 62 гимназиясы өзара бөлісті.

«Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздары: №178 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қанат Қайырбай, Ы. Алтынсарин атындағы № 159 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жанар Құсайынова, № 148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Назигүл Мергенбаева мен Индустрия және туризм колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Ерасыл Мамырбеков.

Бұдан өзге, білім саласының бірқатар қызметкерлері «Ыбырай Алтынсарин» және «ҚР Құрметті білім қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір