• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:49:13
Алматы
+35°

09 Қазан, 2019 NEWS

Министр Ерлан Тұрғымбаев: Есірткіден қанша адам өлуі керек?

Қазақстанда жыл басынан бері 799 есірткі қылмысын анықталды

Жеті күннің ішінде келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ІІМ Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліністері елімізде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 37 қылмысты анықтап, тіркеді. Оның ішінде 23-і есірткі өткізу фактісі, алтауы аса ірі мөлшерде сақтау, төртеуі контрабанда және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 3 фактісі есепке алынды. Бір заңсыз "нашақорлар ұясы" жабылды.

 Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 138.5 келі есірткі тәркілеген. Оның ішінде: 137 келі марихуана және  "скорость" деп аталатын 920 грамм синтетикалық есірткі алынды. Өскемен қаласында киімінің шіне 9 орама жасырған жергілікті тұрғын ұсталды. Ораманың ішінен ұнтақ және түйіршіктер түріндегі заттар табылды. Күдіктінің пәтеріне тінту жүргізу кезінде креслолардың қаңқасынан тағы бір орама, сондай-ақ ұялытелефонның қорабы шықты, оның ішінде де түйіркіш хаттар бар болып шықты. Одан барлығы 411 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді.

Одан өзге Алматы қаласында бір азаматтың автокөлігіне тінту жүргізгенде алдыңғы жолаушылар орындығының астынан жалпы салмағы 502 грамм синтетикалық есірткісі бар екі полиэтилен пакеттері табылды. Психотроптық заттарды сатып алу көздері мен тарату арналарын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Қалада сондай-ақ есірткі өткізгені үшін жергілікті тұрғын ұсталды. Полицейлер одан марихуана салынған пакет, 4 грамм героин және синтетикалық есірткі, сондай-ақ патрондары бар револьвер тәркіледі. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мәліметтерге сүйенсек, есірткі қылмысымен күреске азаматтар да көмек көрсете алады. Ол үшін ІІМ-нің WhatsApp (+77777856651) "қауырт желісі" іске қосылған күннен бастап 10 күн ішінде есірткінің заңсыз айналымы туралы 200 хабарлама келіп түсті. Бұл ақпараттар негізінен есірткіні тарататын сайттар немесе телеграмма-арналар жарнамасы бар граффити-суреттер туралы болды. 29 өтініш есірткіні тарататын интернет-ресурстарға тікелей қатысты жіберілді. Қазіргі уақытта оларды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Жеке хабарламалар бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.

Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы ІІМ алдына есірткінің таралу жолдарын жою және криминалдық істердің қатысушыларына жазаны күшейту жөнінде міндет қойған болатын. Есірткіге қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерімен өткізілген жұмыс кеңесінің барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаев полиция есірткі қылмыстарын анықтаудың және жолын кесудің әдістерін жетілдіре отырып, есірткі қылмыстарына жол бермеу үшін жұмыс істеуі тиіс деп атап өтті.

ІІМ-нің басшысы азаматтарды қорықпауға және есірткі құқық бұзушылықтары туралы анонимдік телефонға хабарлауға шақырды. "Есірткінің жекелеген отбасылар үшін ғана емес барлық қоғам үшін қиратушы күш екенін барша халықтың түсінуі үшін қанша  жас қыршынынан қиылуы керек, есірткіден Қазақстанда қанша адам өлуі керек? Жастарымыздың болашағы біздің бәрімізді бей-жай қалдырмайды деп ойлаймын. Сондықтан азаматтарды осы індетпен бірлесе күресуге шақырамын!" – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

 Жыл басынан бастап полиция қызметкерлері 1799 есірткі қылмысын анықтады. 18 тонна 990 келі есірткі, оның ішінде 6 тонна 128 келі марихуана, 353 келі гашиш, 18 келі героин, 6,5 келі синтетикалық есірткі алынды.  Одан өзге 5 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл болды. Есірткінің заңсыз таралуының нәтижесінде алынған 2,5 млн. теңгеден астам қаржы мемлекет кірісіне қайтарылды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір