10 Қазан, 2019 Спорт
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.
TheAthletic ақпаратынша, келесі жекпе-жегінде Головкин польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Мұның алдында қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер оның атын GGG-ге қарсылас болуы мүмкін боксшылар қатарында атаған еді.
"Головкин белбеуін қорғау бойынша Шерметамен келісім жасап қойып, жекпе-жекті міндетті қорғау ретінде тіркеу үшін IBF мақұлдауын күтіп отыр деген ақпарат бар. Бұл жекпе-жек келесі жылдың басында өтеді, егер Сауль Альварес трилогияны мамырда өткізгісі келмесе", - деп келтіріпті басылым мәліметін журналист Майкл Бенсон твиттер желісінде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір