• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:59:43
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты 36 елді мекеннің тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Жарылқасын Әбдіғапарұлы бүгінде бұқараның тынысымен жіті таныс. Қара халықтың қамына қажетті шаралардан да хабардар. Сондықтан әкім бұқарамен жүздесуді бір сәтке болсын кейінгі ысырып қоймай, әрдайым ел ішінде жүр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мәселен Алға ауылында болған әкімі бірінші кезекте ауыл тұрғындары алаңдап отырған білім ошағы туралы сөз қозғап, бұл мәселе қаралу үстінде екендігін, алдағы он күнде мердігер ұйым анықталса, келісімшарт жасалып, құжаттар реттеліп, жаңа мектептің құрылысы басталатындығын, келесі оқу жылында оқушылар 300 орындық жаңа мектепте білім алатындығын жеткізді. Ал, ескі мектепті бала санының қажеттілігіне қарай балабақшаға айналдыру көзделген. Екіншіден, ауыл тұрғындары үшін өзекті проблеманың бірі – мәдениет үйі бойынша жоғары жақтан келісім берген жағдайда ғана ЖСҚ дайындауға кірісіп, ол сараптамадан өтіп жатса, жаңа мәдениет үйін соғуға, алайда оған дейін ескі мектептің жөнделу барысына қарай ыңғайластырылған мәдениет үйін салуға болатындығын мәлімдесе, жол жөндеу мәселесі төңірегінде ауылдағы жөндеуді қажет ететін көшелердің жобалық сметалық құжаттамасы дайын тұрғандығын, бірақ ауыл тұрғындары алға тартып отырған үш көшені бірден асфальттауға уәде бере алмайтынын, бұл қаражат көзіне қарай кезекпен жөнделетінін айтты. Жайылымдық жердің жетіспеуі де ауыл тұрғындары үшін өзекті. Аудан басшысы бұл мәселенің шешімін табудың екі жолын ұсынды. Біріншіден, көп малы бар отбасы иелерін ауыл сыртындағы малды ауылға қоныстандыру. Екіншіден, жайылымдық жерді тиімді пайдалану үшін жеке меншіктегі бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару. Бұл мәселе республика деңгейінде де қолға алынуда. Сол себептен, ауыл әкіміне осы бағытта жұмыс жүргізу қажеттігін ескертті. Келесі кезекте тозған электр бағандарының салдарынан жарық жиі өшетіндігі де көтерілген екен. Бұл бағытта облыстағы жеке меншікті «Жамбыл-жарық» мекемесі жұмыс жүргізіп отырғандықтан, өзара жұмыстар жүргізіліп жатқандығы, алайда аталмыш мекеменің кезегі біздің ауданға жеткенше аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп, оң шешімін қарастыру қолға алынатындығы айтылды.

Сонымен қатар, аудан басшысы ауылдағы денсаулық сақтау саласының жай-күйін сұрады. Бұл жөнінде аудандық орталық аурухана басшысы А.Мұқатаев жауап беріп, ауылда дәрігер жоқтығын, тұрғындар қоңырау шалған кезде Шу қаласындағы жедел жәрдем келіп қызмет көрсететіндігін, төрт дәрігермен келісімшарт жасалғандығын, олардың біреуі ауылдағы қызметке кіріскенге дейін аудандық емханадан дәрігер Нүркен Алтаев уақытша қызмет көрсететіндігін жеткізді. Ал, округ әкімі ауылда су, көгілдір отын мәселелері шешімін тапқандығын, алайда ветпункт қажеттігін және үлкен жол жасалып біткен соң, оның бойынан кәсіпкерлік мақсатқа жер ауыл тұрғындарына ғана берілсе деген ұсынысын, Күйген және Ақшалы каналдарын тазалау қажеттігін алға тартты. Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі Ж.Айтақов қажетті шаралар қолға алынатындығына бек сендірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір