• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қазан, 17:53:51
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

09 Қазан, 2019 Аймақтар

Қайырымдылық шаралары жыл бойы жалғасады

Мемлекетіміз ешқашан жастарды назардан тыс қалдырған емес. Сондай-ақ мектеп оқушыларына да қолдан келген қамқорлықты аямауда. Сондай ігіліктің бірі – «Мектепке жол» акциясы. Акция аясында жаңа оқу жылына дейін мыңдаған мектеп оқушылары демеушілер мен мекемелер тарапынан оқуға қажетті құралдармен қамтылса, қазір де бұл бастама жалғасын табуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Жамбыл облысы Қордай ауданында осы таңға дейін бағдарламаға бас-аяғы 2372 бала қамтылған. Оның ішінде 700 балаға 32450 теңгеден жергілікті бюджет есебінен 22 млн. 715 мың теңге бөлінсе, 1672 балаға бюджеттен тыс демеушілер тарапынан 9 млн. 310 мың 590 теңгеге көмек көрсетіліп, мектеп формасы, аяқ-киім, спорттық киім және қажетті оқу құралдары алынған. Акция барысында Гвардейский қалашығында, Қордай ауылында аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімі және аудандық қоғамдық кеңеспен бірлесе мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда мектеп формасы, оқулықтар, сөмкелер, кеңсе заттары, аяқ-киім, күртешелер төмендетілген бағамен сатылған.

Жаңа оқу жылынан бастап «Атамекен» қоғамдық қорының «Мектепке жол» платформасы www.atamekenim.kz порталы жыл бойы жұмыс істейді, яғни көмекке мұқтаж азаматтар аталған платформаға тіркелу, ал демеушілер ақшалай қаражатты онлайн-аудару арқылы көмек көрсете алады.

Биылғы 2019-2020 оқу жылы қарсаңында «Жүректен жүрекке!» ұранымен өткен «Мектепке жол» акциясына белсене араласып, бала бақытын, қуанышын еселей түскен ауданның жеке кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары, аудандық маслихат ұжымы, аудандық «Nur Otan» партиясының филиалы, аудан әкімдігінің бөлімдері, білім бөлімінің кәсіподақ ұйымы, білім бөліміне қарасты мекемелер, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық пошта торабы, «Ветеринариялық қызмет» КММ, аудандық «Қордай шамшырағы» газеті, статистика бөлімі, аудандық мұрағат, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар қызметі, «Қордай су» КМК, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны» ШЖҚ КМ, Жастар ресурстық орталығы, аудандық орталық аурухана, аудандық МСЭҚ, аудандық полиция бөлімі, «Central Asia Gold Production» ЖШС, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу ғылыми-зерттеу институты, 2038 әскери бөлімінің ұжымына және ауданның жомарт өзгеде азаматтарына білім бөлімі шарапатын көрсеткен.

Сөз жоқ, балаларға базарлық сыйлап, жүректеріне жылу сыйлаған бұл мекемелердегі қызметкерлердің тірлігі көпке үлгі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір