• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:54:31
Алматы
+35°

Елбасы-Тұңғыш Президенттің бастамасымен өзгеріс енгізілген әлеуметтік көмектің жаңа түрі көп балалы отбасылардың табысын еселеуге мол мүмкіндік берді. Бұл орайда жамбылдықтар атаулы әлеуметтік көмектің шарапатын айқын сезінуде. Жамбылдық көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға 21,5 миллиарда теңге қарастырылған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ағымдағы жылдың 9 айында әлеуметтік көмек 35,5 мың отбасына тағайындалды. Сәйкесінше 179,5 мың жамбылдық жаңа форматтағы әлеуметтік көмекті кәдесіне жаратты. Елбасы бастамасы елдегі кедейшігі шегі 50 пайыздан 70 пайызға дейін көтерілуі атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшерін 2,5 есеге өсіруге жол ашты. Мәселен Жамбыл облысында 2019 жылдың 1 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 5246 теңге болса, қазан айында бұл көрсеткіш 12935 теңгеге дейін өсті.

–Ағымдағы жылы бюджеттен облыстағы атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға тиісті төлем жасауға 21 миллиард 600 миллион теңге қарастырылды. Жыл басынан бергі 9 ай ішіндегі бұл соманың 67 пайызы немесе 14 миллиард 500 миллион теңгесі мақсатты игерілді. Жамбылдықтарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға бөлінген қаржының 20 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен бөлінсе қалған 1 миллиард 600 миллион теңге жергілікті бюджеттен қарастырылған.

Негізінен атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған 17 мың отбасы көп балалы жанұяға жатады. Оларға шамамен 8 миллиард 400 миллион теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді. Жақында ғана Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау министрлігі барша көп балалы аналарға отбасылық орташа табысты есепке алмастан жаңа атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың тиімті тетіктерін ұсынды. Үкімет отырысында қаралған бұл жоба бойынша келер жылдан бастап барлық көп балалы аналарға бала санына қарай ай сайын 42500 теңгеден 73 375 теңгеге дейін төлем алады. Бастысы көмектің бұл түрін алушылардың отбасында 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған немесе арнаулы орта, жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары болуы керек,–дейді облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір