• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:49:39
Алматы
+35°

Жамбыл облысында мекеме басшылары кең жұмыс кабинеттерін шағын көлемдегі бөлмелерге ауыстырып жатыр. Халыққа қолжетімді бола түсу үшін өз кеңсесінің бірінші қабатына қоныс аударған басшылар да табылады. Есесіне олардан босаған кабинеттер өзгеде тиімді мақсаттарға пайдалануда. Бұл жұмыстар «Жамбыл адалдық алаңы» жоба аясында жүзеге асырылуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жобалық офис қызметкерлерімен ең әуелі облыстағы 440 мектепке зерделеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті атқарушы органдардың 353 басшысының кабинетін қамтыды.

–Мектеп басшыларының кабинеттерін білім ордасының бірінші қабатына және ауданы үлкен емес бөлмелерге алмастырылды. Мәселен 35-50 шаршы метр аралықтағы алаңдарда жұмыс жасап отырған 74 мектеп директорының кабинеттері 11-20 шаршы метрлік бөлмелерге ауыстырылды. Нәтижесінде мектеп ғимаратындағы 866 шаршы метр алаң босатылды. Ал ол алаңға мектеп оқушыларына қажетті робототехника, сурет және ағылшын тілі сыныптары ашылды.

Жергілікті атқарушы орган басшыларының 353 кабинетіне жүргізілген мониторинг кезінде олардың 239 шаршы метр болатын демалыс бөлмелері бар кабинеттерге иелік етіп отырған анықталды. Сәйкесінше 17 мемлекеттік орган басшысының демалыс бөлмелерінің пайдалану мақсаттары өзгертілді. Мұнда енді аталған мекеменің мұрағаты, қоймасы орналаспақ. Халыққа мейлінше жақын болуы, әрі арыз-шағымдарын ала келген тұрғындарға оңтайлы жағдай жасау мақсатында облыстағы 133 басшының кабинеті 1-қабатқа көшірілді, –дейді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев

«Жамбыл адалдық алаңы» жобасымен жүргізілген түгендеу жұмыстары кезінде бұған дейін кәсіпкерлік субъектілерге тиесілі нысандарда жайғасқан Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары, дене шынықтыру және спорт, ауыл шаруашылығы, өндіріс және кәсіпкерлік бөлімдері, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті сынды 5 мемлекеттік органның кеңсесі коммуналдық меншіктегі ғимаратқа орналастырылды. Дәл осы жұмыстың нәтижесінде аталған мекемелермен төленген жалдау ақысы есебінен 16 миллион теңгеден аса мемлекет қаржысы үнемделді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір