• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:11:35
Алматы
+35°

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасы және «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы Жамбыл өндірістік филиалының қызметкерлері бірлесіп, өрт қауіпсіздік айлығын өткізді. Аталмыш айлық аясында жеке тұрғын үй секторында газ сараптауыш қондырғылар орнатылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жылыту маусымында табиғи газдардан улану фактісіне жол бермеу мақсатында ұйымдастырылып отырған шара аясында Тараз қаласындағы жеке тұрғын үйлерге 1673 дана газ сараптауыш құрылғысы орнатылған. Олар негізінен көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың тұрғын үйлеріне қойылды. Өз кезегінде бұл қондырғы тұрғын үйдегі газ ағымын реттеп оның мөлшері тиісті нормадан ауытқыған жағдайда автоматты түрде тиісті органдарға сигнал береді.

–Жыл басынан бері Тараз қаласының өзінде табиғи газбен уланудың 3 дерегі тіркеліп, аталған оқиғалардың салдарынан 1 адам қаза тауып, 4 адам зардап шекті. Осынау келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында тұрғын үйде автономды белгі бергіш немесе газ сараптауыш құрылғылар орнатылуы қажет. Сондай-ақ тұрғындарға өз беттерінше газ тарату, газ жабдықтарын орнату, газ құралдары мен тығын арматурасын ауыстыруға тыйым салынады. Бұл жұмыстар білікті мамандардың көмегімен арнайы техникалық шарттар сақталынған жағдайларда ғана жүргізілуі керек,–дейді Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Омар Такеев.

Арнаулы қызметтің мамандары жылыту маусымы кезінде табиғи газбен жылытылатын жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына мұражаларды жиі тазалап тұруға кеңес береді. Мәселен кірпіштен жасалған мұржа тоқсанына бір, ал әк пен цементтен жасалған мұржалар 12 айда бір рет тазаланып тұрғаны жөн.Сол секілді мұржаның төбесін құстың ұясалмауы, жауын-шашын суының тамып кетпеуі сынды жағдайларға да абай болған жөн. Газдан иістенбеу үшін кірпіштен соғылған жылытылатын пештер пен мұржаларда жарықшаның болмауы да маңызға ие.

Жылыту маусымы алдында үйдегі газбен жылытылатын пештің оның мұржасын техникалық тексеруден өткізумен қатар үйдегі желдету жүйелерінің де қалыпты жұмыс жасауын естен шығармаған абзал.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір