• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:25:01
+35°

Жаңатас темір жол станциясы облыстағы жүк тасымалдау ісіндегі көшбасшы станция саналады. Әрі ол осы өңірдегі кен өндіру ісіндегі алпауыт кәсіпорындарының өнімдерін тасымалдау миссиясын мінсіз орындап келеді. Мұнда қазір тәулігіне түрлі бағыттар бойынша 128 вагон фосфор рудасы мен фосфор ұны ішкі, сыртқы нарыққа жол тартуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Негізінен ағымдағы жылы іргетасы қаланғаны 50 жыл толған Жаңатас қаласындағы темір жол станциясының тарихы әрі де жатыр. Бұл маңда кеннің мол қоры барланған сәттен оны игеру ісіне білікті сыбанып кіріскен Кеңес Одағы бұл жұмысты өлкеге темір жол желісін тартудан бастады. Осылайша 1963 жылы қазіргі Жаңатас қаласына темір жол жеткізілді. Бұл өндірістің қаланың құрылысын жүргізу, ондағы кенді иегеру, тасымал ісіне тыңнан түрен салды.

Бүгінде станция әлеуетті тапсырыс берушілері қойған талаптың үдесінен шығуда материалды-техникалық базасын нығайтуға иек артқан. Әрі олардың «ҚазФосфат», «ЕуроХим Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен әріптестік орнатуы Жаңатас темір жол станциясының халықаралық жүк тасымалы саласындағы әлеуетін таныта бастады.

–Жалпы Жаңатас темір жол станциясы 2 класты станция саналады. Бұл станциясы темір жолдағы жүк тасылмалдау ісінде облыс бойынша көш басында келеді. Тәулігіне жаңатастық теміржолшылар 128 вагон фосфор руда мен фосфор ұнын тиеп, тиісті бағыттарға жөнелтеді. Фосфор рудасы темір жолмен Аса станциясына, ал фосфор ұны Шайқорық станциясына дейін жеткізеді. Одан бөлек осындағы Созақ станциясынан тәулігіне 50 вагонға химиялық қышқылдар мен табиғи уран жүктеледі. Бұл өнімдер осы жерден Ресей мен Қытайға қарай жол тартады. Соңғы жылдары біздегі жүк тасымалдау көлемі 3 есеге артты. Сәйкесінше станцияның класс деңгейін 1 класқа ауыстыруға ниет етіп отырмыз. Сол арқылы теміржолшылардың жалақысын көбейту, штат санын ұлғайтуға қол жеткіземіз. Бүгінде станцияда 123 адам жұмыс жасайды,–дейді станция бастығы Нұрбек Асқанбайұлы.

Қазір станция арқылы «ЕуроХим Қаратау» компаниясы өз өнімдерін Солтүстік Кавказ темір жол желісіндегі Белореченск станцисы мен Өзбекстан темір жол желісіндегі Озодлик станциясына жөнелтуде. Өңірдегі химия өнеркәсібінің алпауыттарынан бөлек станциясы «Жарас» мұнай базасы, мұнай өңдеу зауыты, «Аянат» мұнай өнімдері, «Асыл тұз» секілді компаниялардың да өнімдерін тасымалдау бойынша тапсырыстарын талапқа сай орындайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір