• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:40:07
Алматы
+35°

Меркі ауданында жұмыс қамту шаралары өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде күні бүгінге дейін аудандық жұмыспен қамту орталығына өтінішпен қайырылған 2208 жұмыссыздың 1603-і тұрақты жұмыс тапқан, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы Меркі ауданында жұмыспен қамту саласында кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндер үшін де жан жақты қолдау жасалуда. Мәселен «Бизнес-Бастау» жобасымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы ұйытқы болған кәсіпкерлікке даярлау курсынан 123 меркілік жас кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп шықты.Бұл курстарға қазір Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарының да астары оқуда. Облыста Жастар жылы аясында қолға алынған жоба шеңберінде 106 азамат 52,7 миллион теңге қайтарымсыз грантты иеленді. Жастар жұмыссыздығы мәселесіне аудандағы ірі агроқұрылымдар да өз үлестерін қосып келеді. Мысалы Қанат Шайхиев жетекшілік ететін «Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, сондай-ақ «Ниет», «Нөсер-Береке» шаруа қожалықтары жұмыссыз жүрген 146 жасты еңбекпен қамтыған. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 143 жас аудандағы мемлекеттік мекемелерде жұмысқа тартылып, өздерінің қарым-қабілеттерін көрсетіп, тәжірибе жинақтап жатыр. Олардың 25-і тұрақты жұмысқа орналасса, 61 жас келісімшарт негізінде өз жұмыстарын жалғастыруда.

Меркі ауданындағы жұмыссыздықпен күрестің негізгі бір бағыты жұмыссыздарды қайта кәсіби даярлықтан өткізу болып отыр. Аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген 247 азамат қайта кәсіптік даярлау курстарына жіберілген.Олар Меркі ауданындағы 6 арнаулы орта білім беру ұйымында біліктіліктерін жетілдіруде. Бұл азаматтарды кәсіптік даярлау курстарына жіберуге жергілікті бюджеттен 45,7 миллион теңге қаржы қаралған. Қайта кәсіптік даярлаудан өткен 238 азамат оқуын аяқтаса, оның 32-сі тұрақты жұмыс орналасқан.

Жеке кәсіп ашып өзін-өзі жұмыспен қамтуға ниетті 103 меркілік 423 миллион теңге несиеге қолжеткізді. Негізінен соңғы 3 жылда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы 481 адам 923 миллион теңге көлемінде несие алып, жеке кәсібін бастаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір