• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:23:49
Алматы
+35°

Қазақстан Жастар Конгресі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып жатқан «ҚХА Жастар Синергиясы Форумы» жас ІТ-мамандары қолдау жобасы Жамбыл облысында жалғасын тапты. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасында өткен облыстық іріктеуде жоғары, арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен бірге ауыл мектептерінің оқушылары бақ сынады. Нәтижесінде 5 үздік жоба республикалық біріншілікке жолдама алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық іріктеудің ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген жоба менеджері Мәулен Молдабеков «ҚХА Жастар Синергиясы Форумы» жас ІТ-мамандары қолдау шарасының республикалық деңгейіне еліміздің әр аймағынан іріктелген ең үздік 80 жобаның қатысатынын айтады.

–Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жобаның ақтық кезеңіне Елбасы-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Ең үздік жобалардың авторлары қаржылай сыйақыға ие болып қана қоймай сондағы мықты инвесторлармен жұмыс жасауға келісім шартқа да қол жеткізбек,–дейді жоба менеджері.

Ал М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков бұл шараның Жастар жылы аясында ойы ұшқыр, жаңа технологияны жетік меңгерген өрендердің мүмкіндігін бағамдап, жан-жақты қолдау көрсетудегі рөліне айрықша тоқталып өтті.

–Жалпы біздің университетте Жастар жылы басталғалы ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды студенттерді тану мақсатында бірнеше IT жобалар байқауы өткізілді. Алғашында қалалық деңгейде өткізіліп жүрген бұл сайыстың ауқымы кеңейіп бүгінде аймақтық сипат алды. Жақында студенттер мен оқушылар арасында робототехника бойынша байқауға ұйымдастырдық. Униерситетіміздің талантты жастарынан құралған Enactus TarSU командасы әлемнің 38 мемлекетінен келген өрендермен бірге Америка Құрама Штаттарының Сан-Хосе қаласында өткен бүкіләлемдік чемпионатқа қатысты. Бұл өңірлік деңгейдегі университет студенттері үшін үлкен жетістік,–дейді Махметғали Нұрғалиұлы.

Келесі сәтте облыстық іріктеу байқауына қатысушылар М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Ербол Мусиновтың «web-технологиялар» тақырыбындағы шеберлік дәрісін тыңдады. Мұнан соң қатысушылар өз жобаларын қорғады. Түс ауа барлық жобаларды саралап шыққан конкурстық комиссия жалпы 9жобаның 5-еуін республикалық кезеңге жіберуге болады деп таныды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір