• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:30:09
Алматы
+35°

Жамбыл облысында суармалы егістік алқабын ұлғайту мақсатында механикалық отрядтың мүмкіндігі кеңінен пайдалануда. Күні бүгінге дейін механикалық отряд көмегімен облыс аумағындағы жалпы ұзындығы 41,6 шақырымды құрайтын 7 канал мен 3 су қоймасына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сәйкесінше бұл су жүйелерінің көмегімен өңірдегі суармалы жер көлемін 1404 гектарға ұлғайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс көлеміндегі су тасқынының алдын алу, ауыл шаруашылығы алқаптарындағы су жүйелері мен каналдарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстарын тұрақты жүргізу кіретін кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға облыс бюджетінен 693 миллион 600 мың теңге бөлінген. Аталған қаржыға 46 дана техника сатып алынды.

–Бүгінгі күнге дейін механикалық жасақ Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм аудандарындағы гидроқұрылымдардың техникалық жағдайын нығаютуға күш салды. Сондай-ақ жеке шаруа қожалықтарымен келісім-шарт жасасу арқылы жалпы сомасы 14 миллион 753 мың 741 теңгені құрайтын жұмыс жүргізілді, –дейді «Талас Аса» cу шаруашылығы кәсіпорнының директорының орынбасары Бауыржан Ибрагимов.

Биыл бұл құрылым жыл соңына дейін жалпы сомасы 111 миллион 800 мың теңге болатын каналдарды тазалау, жөндеу және өзендердің жағалауларын нығайту жұмыстарын жүргізеді. Тек Мойынқұм ауданының өзінде жасақтың техникалық мүмкіндігі пайдаланылып, 46 шақырымды құрайтын канал тазаланды. Көктемгі егіс жұмыстарына дейін бұл аудандағы ауданда жалпы ұзындығы 19,5 км каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Талас ауданында ұзындығы 1,5 шақырым болатын каналға механикалық тазалау және 5 шақырым темірбетон каналы қайта қалпына келтірілді.

Механикалық отряд көмегімен аудандағы «Сануй», «Көкжелек», «Күшаман» каналдарына тазалау жұмыстарын жүргізілді. Бұл каналдарға сәуір айында ағын су жіберлді. Нәтижесінде биыл аудандағы суармалы егістік көлемі 5074 гектарға дейін ұлғайды, –дейді Мойынқұм ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қыдыр Елеусізов.

1991 жылы Жамбыл облысында 209 мың гектар суармалы егіс алқабы болса, қазір өңірдегі суармалы жер көлемі 184 мың гектарды құрайды. Облыста 2021 жылға суармалы егіс алқабын 13 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір