• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:22:56
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстарды зерделеу және жинақтау мәселелері жөніндегі жұмыс тобын Жамбыл облысына бастап келген «Nur Otan» партиясының консультанты Мансия Исказина Жуалы ауданында жұмыс сапарымен болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жуалы ауданына келген құрамында жұмыс тобының басшысы, «Nur Otan» партиясының консультанты Мансия Исказина, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің маманы Әлия Жекенова бар жұмыс тобын аудан әкімі Нарбай Ергебеков қабылдады. Мансия Аяпбергенқызы өңірлерде аталған бағытта «Бақытты отбасы» партиялық жобасының табыспен іске асырылып жатқанын еске сала келе, аймақ басшысын жобаның бірқатар бағыттарының орындалу барысынан хабардар етті. Нарбай Әбілқасымұлы өз кезегінде ауданда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстыра келе, топ жұмысына сәттілік тіледі. Ол сондай-ақ, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда бір ғана лагерьдің аздық ететінін айтып, аудан аумағында орналасқан, алайда бұрын көршілес Талас ауданының меншігіне өткен «Жұрындысай» сауықтыру лагерін аудан меншігіне алуды қарастыру, оқушы жастардың бос уақытын тиімді өткізу және түрлі қабілеттерге бейімдеу мақсатында оқушылар сарайын салу, жақында ашылған мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығын қаржылай демеу мәселелерін шешу туралы ұсынысын жеткізді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде болғанда жұмыс тобының мүшелері мекемеде балалардың жаттығуына және спортпен шұғылдануына жасалған жағдаймен танысты. Олар жасөспірім спортшылар жуынатын, шешінетін бөлмелерді аралап, жабдықталуына, спорт құрал-саймандарының жұмысына назар аударды. Жұмыс тобымен бірге жүрген аудан әкімінің орынбасары Ербол Жаңабаевқа, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметоваға, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетовке мінезі қиын балаларды спортқа тарту арқылы түзеу шараларына, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балалардың да спортпен шұғылдануына жағдай жасау қажеттігіне баса көңіл бөлу қажеттігін ескертті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір