• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:52:49
Алматы
+35°

Атқа қонған азаматың абыройлы болса, жұрттың да босағасына береке кіретіні белгілі. Сондықтан дана қазақ «Әкім бол, халқыңа жақын» бол деп бекер айтпаған. Қазіргі таңда ауылдағы ағайынның қамын ойлайтын бірден-бір азамат ауыл әкімі екені даусыз. Сондықтан елді мекен әкімдері Елбасына тапсырмасына орай ел алдында есеп беруді дәстүрге айналдырған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мәселен Қордай ауданына қарасты Кенен ауылдық округінің әкімі Нүркен Жаманкөзевтің сөзіне сүйенсек, 2019 жылдың 9 айы ішіндегі округтің әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай дүмпу бар екен.

Бюджетке түсетін салықтық төлемдердің жоспарға сай атқарылғанын айтып өткен ауыл басшысы жыл басынан бастап жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша қоғамдастық мүшелерімен 11 жиын ұйымдастырылып, қаражаттарды мақсатты пайдалану бағытындағы жұмыстар жайына тоқталды. Кенен ауылында «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында Е.Қашағанов көшесінің 150 метр жолына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Сонымен қатар, қыркүйек айында Н.Белашов көшесінің 480 метріне жарықтандыру жүргізілсе, Саймасай Кәкетай және Тыныбай Мажирин көшелеріне 17 дана көше бағыттағыш орнатылған.

Ауылдағы ауыл шаруашылығы саласы да оңды жолға қойылған. Биылғы жиын-терім жұмыстары толығымен аяқталып, шаруалар астықты шашау шығармай жинап алыпты. Кәсіпкерлік саласы бойынша, аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау бизнес», «Береке» бағдарламаларына қатысқан бірқатар кенендіктер несиесін алып, кәсібін бастаса, екі азамат құжаттарын өткізіп қойған.

– Ауыл шаруашылық малдардың жұқпалы індеттерге қарсы жұмыстарын 7 мал дәрігер мамандары атқарады. Олар керекті жабдықтармен және автокөлігімен қамтамасыз етілген. Ауылда малдарға бекітілген жоспар бойынша алдын ала егу шаралары, қан алу, сырға салу және ветеринариялық анықтама беру жұмыстары жолға қойылған. Ағымдағы жылы жаңа ветеринарлық пункт іске қосылды, – дейді Н.Жаманкөзов.

Кененде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 34 адам болса, бір азаматқа шартсыз әлеуметтік көмек тағайындалыпты. Сонымен бірге, нәтижесіз жұмыспен қамтылған 50 азамат бүгінгі күні өзектендіріліп, санаттары анықталған.

Қайрымдылықты жанына серік еткен кенендіктер сол бағытта да қомақты жұмыстар атқарыпты. Мәселен, бір көпбалалы отбасына ауыл әкімшілігі мен ауыл имамының ұйытқы болуымен кенендік жамағат 3 миллион теңгеге үй алып берсе, бір жалғыз басты ана мен тұрмысы төмен тағы бір отбасына қаржылай көмек көрсетілген. Ал, республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 24 оқушыға мектепке қажетті формасы мен құралдар тарту етілген.

Иә, Кененнің тірлігі келісті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір