• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
24 Қазан, 01:09:23
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

10 Қазан, 2019

Нобель сыйлығы кімге бұйырды?

7-14 қазан аралығында Стокгольмде 118-інші Нобель апталығы өтуде. 

7-14 қазан аралығында Стокгольмде 118-інші Нобель апталығы өтуде. 

Химия саласы бойынша Нобель сыйлығын американдық физик Джон Гуденаф, Британдық химик Стэнли Уиттингэм және жапондық химик Акире Йошино литий-ион батареяларын дамытқаны иеленді.

Литий-ион батареялары заманауи электронды құрылғылар, ұялы телефонның жұмыс істеуіне жәрдем болады. Ол 1970-1980 жылдары ойлап табылған.

Физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары канадалық Джеймс Пиблз және Швейцария өкілдері Мишель Майор және Дидье Кело атанды. Олар астрономия саласындағы зерттеулерімен көзге түскен.

Медицина және физиология бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Британдық сэр Питер Рэтклиф және американдық Уильям Келин-кіші және Грегг Семенц атанды. Сыйлық жасушалардың қоршаған ортадағы оттегі деңгейінің өзгеруіне қалай әсер ететінін және бейімделетіндігін зерттегені үшін берілді.

Уильям Келин-кіші Гарвард медицина мектебінің профессоры, Сэр Питер Ретклифф - Оксфорд университетінің, ал Грегг Семенц - Джонс Хопкинс университетінің профессоры.

Нобель сыйлығының биылғы жүлде қоры 9 миллион швед кронын (900 мың доллар) құрайды. Пиблс бұл соманың жартысын, швейцариялық ғалымдар жартысын алады.

Медицина және физиология бойынша Нобельді америкалық ғалымдар Уильям Кэйлин мен Грен Семенца және британиялық сэр Питер Рэдклифф алды.

Ал әдебиет саласы бойынша Нобель иегерлері 10 қазанда жарияланады. Биыл әдебиет бойынша сыйлық екі адамға табысталады. Былтыр жыныстық бопсалау дауынан кейін әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы берілмеген.

11 қазанда бейбітшілік саласы бойынша, 14 қазанда экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланады.

Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерін Стокгольмдегі Каролин институты, әдебиет саласы бойынша швед академиясы, физика, химия және экономика саласындағы сыйлықты Швецияның ғылым академиясы анықтайды.

Ал сыйлықты Норвегияның Осло қаласындағы Нобель комитеті табыстайды

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір