• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:29:39
Алматы
+35°

Бүгінде бұқараның қауіпсіздігі басты орында тұрғаны белгілі. Әсіресе төтенше жағдайлар кезінде сала қызметкерлерінің қырағылығы ғана адам өміріне араша түсе алады. Сондықтанда құтқарушылардың мойнына артылған жауыпкершілік жүгі ауыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жамбыл облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері облыс әкімінің орынбасары Нұржан Сәбитұлы Календеровтың төрағалығымен Достық үйінде кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру және бизнес-қоғамдастықпен кері байланысты қалыптастыру, бақылау және қадағалау органдарымен талқылау бойынша өткізілген есеп күніне қатысты .

Аталған кездесу бақылау-қадағалау қызметінің реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын түсіндіру және бұзушылықтарды жүйелі алдын алуды дамыту, тұрақты және қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер мен ұйымдардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

Өткізілген кездесуде облыстың барлық мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының есептері, оның ішінде өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау қызметінің есептері тыңдалды.

Өз сөздерінде Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Мақсат Әкімбаев пен азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Әсет Манасов мемлекеттік өрт бақылау және азаматтық қорғаныс іс-шараларын бақылау тәртібін, сондай-ақ осы салалардағы тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін барлық құқықтық негіздерді түсіндірді.

Бір сағат ішінде кездесуге қатысушылар кәсіпкерлік субъектілерінің туындаған сұрақтарына тиісті жауаптар берді.

Сол күні кездесуді өткізу бойынша түсірілген сюжеттер жергілікті теледидар арналарында көрсетілді.

Иә, мұндай шаралардың бұқара үшін берері мол. Себебі құқықты мемлекетте өз құқығы мен бостандығын білетін халық ғана егемендіктің бағасын, тәуелсіздіктің құнын түсінеді. Осыны жұртшылықтың жадына жаттату мақсатында ұйымдастырылып жатқан шаралардың тигізер пайдасы орасан. Мұндай қадамға Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да үн қосып, жұдырықша жұмылып отырғандары қуантады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір