• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:24:37
Алматы
+35°

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің ұстанған басым бағыттарының бірі. Жең ұшынан жалғасқан індетпен арнайы құзырлы сала мамандарынан бөлек, әр азамат та өзіндік үнін қосуға талпынуда. Мұндай бағыттағы жұмыстар Жамбыл облысында да үнемі жүргізілуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде мекеме бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б. Даниловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)өкілдеріның қатысуымен жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске Жамбыл облысы азаматтық қорғау органдарының 100-ден астам офицері, оның ішінде аудандық ТЖ бөлімшелерінің барлық инженерлік-инспекторлық құрамы қатысты.

ТЖД мен құрылымдық бөлімшелерде жүргізіліп жатқан ауқымды профилактикалық жұмыстарға қарамастан, ағымдағы жылғы 13 қыркүйекте Меркі ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыс орын алды. Осыған байланысты, кеңесте Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осы факті бойынша ұсынымды егжей-тегжейлі талқылады және лауазымды тұлғаларды, оның ішінде осы қызметкердің тікелей басшысын қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы туралы жеткізілді.

- Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Жамбыл облысы ТЖД-да сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы әрекет ету бойынша алдын алу күнделікті жүргізілетіндігін айта кеткен жөн. ҚР ІІМ 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру бойынша жоспарды, ІІМ Алқа шешімдерін және ТЖК жедел мәжілістерін орындау барысында тұрақты негізде дәрістер, семинарлар және әр түрлі кеңестер өткізіледі, - деп атап өтті ТЖ департаментінің бастығы Б. Данилов.

Қорытындыда барлық жеке құрамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын мүлтіксіз сақтау туралы қосымша тапсырмалар берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір