• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:49:27
Алматы
+35°

ҚР Президенті әкімшілігі жанынан құрылған Жұмысшы топ мүшелері Р.С.Құттыбаев пен Ш.Б Байкубеков Жамбыл облысы Құлан ауылына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Жұмысшы топтың басты мақсаты - балалардың құқығын қорғау жүйесі мен аудандағы балалардың заң аясында құқықтарының талапқа сай қорғалуын зерделеу. Жұмыс сапарын алғаш Құлан агротехникалық колледжінен бастап, аталмыш оқу орнының оқу-тәрбие үрдісімен, тыныс-тіршілігімен танысты. Колледж директорының міндетін атқарушы М.С.Багылбекова арнаулы орта оқу орнының материалдық-техникалық базасымен,оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуымен таныстырды. Колледж оқытушыларының шет мемлекетте біліктілігін арттыруы, жалпы біліктілікті арттыру жұмыстарының кедергісіз өткізілуі, колледждің серіктес колледждері жайлы сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Колледж оқытушылары Германия,Белорусия,Ресей,Чехия,Малайзия,Англияда білімдерін жетілдірген. Оқытушылардың біліктілігін арттыруы кедергісіз жүргізіледі. Колледж оңтүстік аймақтағы 3 колледжбен келісім -шарт негізінде бірлескен іс-шаралар атқарады. Одан кейін оқу кабинеттерін, дәнекерлеу цехы , ветеринарлық-клиника жұмысымен танысты. «Ветеринария» мамандығы бойынша колледж күтіміндегі малдың жай-күйімен,оны бағу, студенттердің тәжірибе жұмыстарымен танысты. Колледж иелігіндегі мал оқу процесінде пайдаланылатыны,олардың күтімімен өндірістік оқыту шеберлері айналысатыны туралы,Ауырған жағдайда ветеринария мамандығының оқытушылары емдейтіні туралы ақпаратқа қанықты. Жатақханадағы студенттердің тұрмыс -тіршілігімен танысып,Колледж мейірбикесінің жұмысымен танысып, колледждің аудандық орталық емханамен кедергісіз жұмыс атқаруы, рұқсат етілген медициналық дәрі-дәрмектерді алу мүмкіндігі туралы сұрақтар қойып,нақты фактілермен ақпараттар берілді.

Осы күні жұмысшы топ мүшелері аудандағы спорт саласы бойынша №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қызметкерлерінің жұмыс жоспарымен танысты.

Кездесуде қызметкерлер тарапынан спорт нысанының материалдық базасын нығайту, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және жаттықтырушылардың жалақысын көтеру қажеттігі туралы ұсыныстар айтылып, өз пікірлерімен бөлісті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір