• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 20:08:33
Сайлау қарсаңында "жоғалып кеткен" актер Шри-Ланкадан сәлем жолдады (видео)

09 Қазан, 2019 Аймақтар

Еңбегі ерен от жауынгері  

 

Тілсіз жау айтып келмейтіні белгілі. Сндықтан адам баласы кейде ажалмен бетпе-бет келген құтқарушыларға иек артып, көмек сұрайтыны белгілі. Сондықтан Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары әрдайым сақадай сай дайын болуы керек. Өртпен арпалысып, талай жанның жанына араша түскен ондай бейбіт күннің батырлары Жамбыл облысында аз емес деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Атап айтсақ, азаматтық қорғау саласында 15 жылдан астам қызмет атқарған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесіне қарасты Тараз қалалық №3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты Бақыт Ниесбекұлы Парманқұловтың ерлігін ел жақсы біледі. Ол өз мамандығын сүйіп таңдаған от жауынгері. Қызмет атқарған жылдар ішінде Бақыт табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысып, қызыл жалын мен түрлі сипаттағы апаттардан адам өмірі мен құнды мүліктерді құтқару жолында өзінен кейінгілерге әрдайым үлгі болып, білген-түйгенін оларға үйретуден ешуқытта шаршаған емес.

Бақыт Ниесбекұлымен өткен мына бір оқиға көптің көңілінен әлі шыға қоймаған болар. 2019 жылдың 9 наурызында 01 сағат 17 минутта күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының телефон нөміріне Тараз қаласы, Тындыбеков көшесі №29 үйде өрт оқиғасы орын алғандығы жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына Тараз қалалық №3 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары шұғыл жөнелтіледі. Олар оқиға орнына келе жатқанна бастап барлау жүргізіп, жеткен соң қызыл өртке оранған үй ішінде 5 адамның қалып қойғандығын білген. Бұл уақытта оқиға орнына №3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Айдос Қасқаев келіп жетіп, адамдарды құтқару үшін Газ-түтіннен қорғау қызметінің 1 буынын ішке кіргізеді. Ал аталған буынның құрамында Б.Парманқұлов та бар болатын. Ол өзге әріптестерімен бірге көмейді бітеп, тынысты тарылтатын әрі ыстық жалын ішіне қойып кетіп, есікті бұзып үй ішіне кіріп, 3 жасөспірім бала мен 2 әйелді сыртқа алып шығады. Өз кезегінде оларға тиісінше дәрігерге дейінгі көмек көрсетіліп, нәтижесінде әлгі адамдар дін аман қалады.

Міне осындай от жауынгерлерінің кәсіби біліктіліктерін қолдана отырып, өздерінің функционалдық міндеттерін сауатты атқару барысында үй тұрғындары құтқарылып, өрт дер езінде жойылды.

Сондай-ақ 2018 жылдың маусым айында Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылындағы таулы аумақта табиғи өрт оқиғасы орын алады. Желдің күшею салдарынан өрт одан әрі ушығып, көлемді аумаққа жайылып, өртті сөндіру қиындыққа түседі. Міне осындай қиындыққа қарамастан қарауыл бастығының тапсырмасымен Б.Пармақұлов күштер мен құралдарды тиісінше бағыттап, жеке құрам да тәжірибелі түрде өрт сөндіру жұмыстарымен айналысып, нәжисінде жайылған өрттің Қырғыз Республикасы жеріне өтіп кетуінің алдын алады.

Жоғарыдағыдай кәсіби шеберліктері мен игілікті істеріне қарап Бақыт Ниесбекұлынөз ісіне шынайы берілген жан деп айтуға әбден болады. Ол өзінің қызмет жолында әрдайым өзінің бойындағы кәсіби шеберлігін шебер пайдаланып, жолындағының бәрін жалмайтын қызыл тажалмен күресте жоғары деңгейде қолданып, өзінің қайсарлығымен үнемі алда келеді. Ал ұжымдастры да өз кезегінде Бақыттың адалдығы мен іскерлік секілді асыл қасиеттеріне тәнті болып, тек мықты от жауынгері ретінде ғана емес, сондай-ақ достыққа адал жан ретінде де жоғары бағалайды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір