• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:01:17
Алматы
+35°

Татулықты Ту еткен елімізде ең бірінші орындар ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы тұратыны белгілі. Елбасы да әрбір Жолдауында бірліктің бекемдігін айтып, көпке үлгі тірлік жасады. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Ассамблея жұмысына айрықша көңіл мен басымдық беріле беретінін тілге тиек етті. Бұл орайда Жамбыл облысындағы өзге ұлттарының ынтымағы ұйысқаны көпке аян, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мәселен Қордай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінде өткен брифингте Степное ауылдық округінің әкімі Жүсіпбек Спанов «Ауылдағы ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған жұмыстары» тақырыбында баяндама жасап, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желілердегі тікелей эфир арқылы түскен сұрақтарға жауап берді.

– Бүгінгі күнге Степное ауылдық округінде сегізден астам ұлт өкілдері тұрады. Этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыру мақсатында ауылдық округтің мәдениет үйінде ұлтаралық қарым-қатынасты сақтау, ұлттар бірлігін нығайту, этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыру мақсатында ауыл тұрғындарымен «Ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту, ұлттар бірлігін сақтау» тақырыбында кездесулер, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, «Достық фестивальдері» ұдайы ұйымдастырылып тұрады, – деген ауыл әкімі халық арасындағы бірлік пен бірегейлікті сақтай отыра, келешек ұрпаққа осы құндылықтарды насихаттау, үлгі көрсету, тәрбиелеу мақсатында қоғамдық, ақсақалдар және әйелдер кеңестерінің құрылғанын айтты.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған кеңес мүшелері тарапынан этностардың салт-дәстүрін, діни сенімдерін, этникалық ұстанымдарын насихаттау, бірегейлік пен бірлікті нығайту, патриоттық сезімді жандандыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілгенін мәлім етті. Оның ішінде, 2019 жылы «Патриоттық сабақтар», «Единство нации единство народа», «Мы дружбой сильны» тақырыптарында дөңгелек үстелдер, кездесулер, жиындар, ал білім беру мекемелерінде жастар арасында достық пен бірлікті, өзара сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында ашық сабақтар өткізіліпті. Қазіргі таңда Степное ауылдық округі бойынша этносаралық және конфессияаралық саладағы жағдай тұрақты деп сөзін қорытындылады ауыл әкімі.

Иә, ынтымағы жарасқан ауылдың ажары кіре берсін деп тілейміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір