• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:53:04
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының жанынан құрылған жұмысшы тобы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан шағын орталықты мектеп-гимназиясында болып, «Балалардың құқықтары мен қызығушылығын қамтамасыз ету» жүйесіне байланысты сұрақтар мен ұсыныстарды талдау бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Зерделеу барысында мектептің әлеуметтік төлқұжаты, мектеп оқушыларының отбасылық жағдайы талданды, оның ішінде жайсыз отбасылардың болу себептері қаралды.Мектеп асханасының материалдық-техникалық жарақталуы және ас мәзірінің сапасы, сәйкестік сертификаттары тексерілді. Мектептің психологиялық қызметі бойынша суицид оқиғалары мен ерте жүктіліктің алдын алу шараларының қалай ұйымдастарылып жатқандығы зерделенді. Құқықтық-тәрбие бойынша мектеп оқушылары арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары қаралып, аудандық жасөспірімдер инспекциясында есепте тұрған оқушының жоқ екені анықталды. Мектеп пен ішкі істер бөлімінің бірлескен іс-шара жоспарына сай жүргізілген жұмыстар талданды.ҚР «Білім туралы» Заңының талаптарының орындалу мақсатында жалпыға міндетті оқумен қамту айлығының жұмыс барысы және мектепке қарасты мөлтекаудандардағы 0-18 жастағы балалардың есебі талданды. Сонымен қатар мектептегі әр оқушының құқығының қорғалуы бағытында жұмыс сапары аясында ҚР Президенті аппараты жанынан құрылған жұмысшы топ мүшелері аудандық орталық ауруханада болды. Негізгі тақырып – ауылды жерлерде балаға емдік – профилактикалық жұмыс барысындағы шешімі күрделі мәселелерді зерделеу.Аудандық орталық аурухананың қабылдау бөлімі, реанимация бөлімі, перзентхана және балалар бөлімдерінің жұмысымен танысты. Аудандық емханадағы «Денсаулық мектебі» және «Дені сау бала» кабинеттерін көрді. Аудан бойынша бала денсаулығының индексі (ауданда-22,7%) балаларда жиі кездесетін аурулар: тыныс алу және өкпе ағзаларын мен қан аздық аурулары жағдайы талданды. Көптен көтеріліп жүрген проблеманың бірі-ауданға кардиолог, отоларинголог және балаларға о.і. неврологиялық аурулармен ауру балаларға реабилитация,яғни оңалту үшін көбірек мүмкіндік қажеттігі туралы ұсыныс берілді.

Жалпы Елордадан арнайы келген жұмысшы тобын 7-9 қазан арылығында Т.Рысқұлов ауданын қоса есептегенде 8 аудан мен Тараз қаласында болып, тексеріс қорытындысын «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында шығарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір