• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:23:35
Алматы
+35°

«Тәртіпке бас иген құл болмайды» дейді Ер Баукең. Шынында тәртіп бар жер де тірлік те тындырымды екені даусыз. Сондықтан да елімізде тәртіптік шараларды күшейту, жемқорлық сынды кері факторлардан арылу бағытында аз жұмыстар жасалып жатқан жоқ. Мұндай ауқымды істер Жамбыл жерінде де жүйесін табуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің оқу сыныбында Жамбыл облысы ТЖД Кадр саясаты бөлімініңбастығыазаматтық қорғау подполковнигі Н. Турабекованың басшылығымен «Қызметтік тәртіп пен заңнаманы сақтау, жолда жүру ережелерін сақтау» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.

Кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Турабекова Департаменттің жеке құрам назарына ішкі істер органының 2019 жылғы 9 ай бойынша заңнама мен тәртіптің сақталу жағдайымен жан-жақтытаныстырды.Ол сондай-ақ қызметкерлерге әскери-қызметтік заңнаманың сақталуына баса мән беру қажеттігін баса айтты. Кадр саясаты бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Н. Асильхан жол қозғалыс ережелерін сақтаудың және жол қозғалысы саласындағы заңнаманың талаптарын бұзбауға, қойылған жылдамдықты сақтауын ескертіп өтті.

Сондай-ақ жеке құрамға жол көлік ережелері жөнінде әр түрлі әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді және жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларды ұстау бойынша құқық қорғау органдары қызметінің шынайы оқиғалары бейнеленген тақырыптық бейнероликті назарға ұсынылды.

Семинарға Департаменттің аппарат қызметкерлері және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамынан қырық адам қатысты.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ЖД-158/1 мекемесіне барды.

Мекеме қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау жағдайларын көрсетті, сондай-ақ ұстау тәртібі туралы айтты. Сонымен қатар мекеменің заманауи қорғау жүйесі және қауіпсіздік жүйесі туралы, айыпталушылар, күдіктілер мен сотталғандардың жағдайы туралы, өндірістік қызметті ұйымдастыру және сотталғандарды жұмысқа орналастыру туралы айтылды.

Аталған іс-шара қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың салдарын сезінуіне бағытталған.

Іс-шараға Департаменттің аппарат қызметкерлері, Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының, Байзақ ауданы ТЖБ және Жамбыл ауданы ТЖБ жеке құрамы қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір