• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:51:37
Алматы
+35°

Жылда тілсіз жаудан талай жан ажал құшып жатқаны белгілі. Ал ҚР Конституциясында ең бірінші құндылық адам өмірі екені белгілі. Осыған орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі өрт сөндіру бөлімшелерінің жүргізушілер құрамының арасында кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында, «Жылдамдық маневрі бойынша үздік жүргізуші» байқауы-конкурсы өткізілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Аталған шараның мақсаты - жүргізушілер арасында өрт сөндіру автокөлігін басқаруға дағдылану, тәжірибе деңгейін анықтау болып табылады. Жалпы жарысқа 19 жүргізуші қатысты.

Өрт сөндіру автокөлігімен жұмыс істеу үшін жүргізушіден қосымша білім алу талап етіледі. Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісіне талаптардан басқа жүргізушінің біліктілік сипаттамасында қарастырылған транспорт құралдарын дәрежесіне сәйкес өрт сөндіру автокөлігін қауіпсіз басқару негіздерін, тактико-техникалық сипаттамаларын, тағайындалуын, құрылысын, әрекет ету принциптерін, арнайы агрегаттарға қызмет көрсету мен жұмыс істеуін, өрт сөндіру автокөлтерінде бекітілген аспаптар мен механизмдерін; олардың жарамсыздығын: белгісі, себептері, қауіпті салдарын анықтау және қалыпқа келтіру әдістерін; өрт сөндіру автокөліктерінің барлық түрлері мен маркаларын басқара білуі, арнайы агрегаттар мен механизмдерде жұмыс істей білуі қажет.

Аталған талаптардың барлық критерийлерін анықтау үшін 2 кезеңнен тұратын жарыс регламенті бекітілді. Бірінші кезеңінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар Комитетінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының техникалық ұсыныс қосымшасына сәйкес алдын ала дайындалған және белгі салынған алаңда жылдамдық маневрі және өрт сөндіру автокөлігін басқару бойынша өткізілді.

Ал екінші кезең – теориялық бөлігінде жүргізушілер қауымы алдын ала дайындалған билет сұрақтары бойынша жауап берді. Онда автокөліктің техникалық сипаттамасына байланысты біршама мәселелерге ерекше көңіл бөлінген. Сондай-ақ, жолда жүру ережелері де қамтылған. Аталған шараға Ішкі істер департаментінің өкілі, полиция капитаны Айдын Абдрахманов та қонақ ретінде шақырылды.

Орындалған тапсырмалардың қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары анықталды. Бірінші орынды Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Әлиби Әбдіұлы, екінші орын –Талас ауданы Құлан ауылы №10 Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Ерсұлтан Бағылбеков, үшінші орынды – Тараз қаласы №4 Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Абзал Тұрысбеков иеленді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір