• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:24:47
Алматы
+35°

10 Қазан, 2019 NEWS

Назарбаев: Ешқашан өкінбеймін... (видео)

Журналист Айгүл Әділеова Назарбаевтан президенттік қызметтен кеткеніңізге өкінбейсіз бе деп сұрақ қойды. 

Қазақстанның бірінші президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Назарбаевтың Хабар телеарнасына берген сұхбатын жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Журналист Айгүл Әділеова Назарбаевтан президенттік қызметтен кеткеніңізге өкінбейсіз бе деп сұрақ қойды. 

— Әрине, өкінбеймін, өйткені бұл барлық жағынан ойластырылған шешім болды. Біріншіден, осы жылдар ішінде мені мемлекет басшысы етіп сайлаған халқыма рахмет айтқым келеді. Екіншіден, өзгерістер қажет. Ештеңе орнында тұрмайды, бізге жаңа адамдар, жаңа кадрлар қажет. Кез келген басқа адам, оның өзіндік пікірі, қарым-қатынасы бар. Сондықтан мен ешқашан өкінбеймін, мен дұрыс нәрсені жасадым деп ойлаймын. Халық үшін, Қазақстан үшін, - дейді Назарбаев.

Еске салайық, сұхбаттың толық нұсқасы ертең, 11 қазанда, 21.30-да Хабар телеарнасында шығады. Онда Елбасы «қос билік» туралы қауесеттерге түсініктеме беріп, Президенттің отставкаға кету себептерін түсіндіреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір