• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:11:21
+35°

Польшалық бапкер Камил Шеремета келесі жекпе-жегін қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізетінін мәлім етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.

"Головкинмен жекпе-жек ақпанның басында болады. IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасамыз", - деді Шеремета TVP-ге берген сұхбатында. 

Поляк дайындықты қарашада бастаймын депті.  Бұған дейін The Athletic инсайдері Майк Коппинджер мен басылым журналисі Майкл Бенсон Головкин - Шеремета жекпе-жегі бойынша келісімге қол қойылғанын хабарлаған еді. 

IBF-тің қыркүйектегі рейтингінде Шеремета Головкин мен украиналық Сергей Деревянченкодан соң үшінші орында тұрған. Поляк қазандағы рейтингте көшбасына шығып, титулға ресми үміткер болмақ. 

Қыркүйекте Шеремета промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа отырған. Бұл промоутермен Головкин де жұмыс істейді. Польшалық боксшы АҚШ-тағы дебютін Головкин - Деревянченко кешінің андеркартында өткізген. Сол кездесуде ол мексикалық Оскар Кортесті екінші раундта нокаутқа түсірген еді. 

Камил Шеремета кәсіпқой бокста 21 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ал әуесқой карьерасында 2010 жылы қазақстандық Серік Сәпиевтен басым түскен. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: головкин шеремета

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір