• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 07:13:32
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

11 Қазан, 2019

АҚШ-Қытай сауда соғысы: әлем экономикасына төнген рецессия қаупі  

Америка сауда министрлігінің мәлімдеуінше, Қытай вице-премьері Лю Хэ бейсенбі күні Вашингтонға сауда келіссөздерін жүргізуге барады. Ол бастайтын делегация құрамына сауда министрі, орталық банк жетекшісі, индустрия, технология, ауылшаруашылығы министрліктерінің өкілдері кіреді.

 

Америка сауда министрлігінің мәлімдеуінше, Қытай вице-премьері Лю Хэ бейсенбі күні Вашингтонға сауда келіссөздерін жүргізуге барады. Ол бастайтын делегация құрамына сауда министрі, орталық банк жетекшісі, индустрия, технология, ауылшаруашылығы министрліктерінің өкілдері кіреді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz дерегіне сүйеніп. 

Келіссөздер қарсаңында екі держава бір-бірімен татуласуға да ұмтылысын байқатып, жазалаушы тарифтерді алып тастауға немесе кейінге қалдыруға ниет танытып отыр. Алайда тараптардың Қытайдың саудалық және технологиялық амбицияларына қатысты өзекті мәселелер бойынша бір шешімге келуі екіталай.

Қытай мемлекеттің көмегі арқасында роботтық және басқа да технологиялар жасаудан ғаламдық бәсекеде көш бастап барады. Сол үшін АҚШ оған қарсы қысымды күшейтті деген болжам бар. Бейжің болса, бұған қарсылық көрсетіп отыр. АҚШ, Еуропа, Жапония сияқты елдер осы жағдай үшін Қытайды ашық нарық міндеттемелерін орындамай отыр деп кінәлап келеді.

Ал, кейбір америкалық ресми өкілдердің пікірінше, әділетсіз бәсеке Құрама Штаттардың индустриялдық лидерлігін тоқтатуы мүмкін. Екі мемлекет бір-бірінің миллиардтаған долларлық тауарларына салықты көтерді.  Сонымен қатар АҚШ-Қытай сауда соғысы әлем экономикасын рецессияға ұрындырады деген қауіп күшейіп келеді.

Арыс Әділбекұлы

 



 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір