• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Қараша, 06:25:20
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

11 Қазан, 2019 NEWS

Тоқаев екі заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың дерегін негізге алып. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Президент қол қойған келесі құжат - Қазақстан үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев құжатты парламентте таныстырған болатын. Келісімнің арқасында қазақстандық ғалымдардың біліктілігін артады деп күтіліп отыр. Жергілікті ғалымдар еуропалық ұйыммен әріптестік орнатқан әлемнің 500 университетінде білімін шыңдауға мүмкіндік алады.

Келісімде әріптестіктің тек әскери емес мақсатта жүзеге асатыны көрсетілген.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір