• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:58:39
Алматы
+35°

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысу үшін Ашхабадқа келді, деп жазады президенттің баспасөз хатшысы фейсбук парақшасында.

Қазақстан Президенті Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі деп жоспарланған.

ТМД елдері басшыларының саммитінде Мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамыту бойынша өзінің көзқарасын білдіріп, Достастық елдерінің өзара экономикалық байланыстарын арттыру шаралары бойынша нақты ұсыныстарын айтпақ.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ашхабадта бірқатар көпжақты келісімдерге қол қойылады. Сондай-ақ, жеңістің 75 жылдығына орай, ТМД халқына және әлемдік қоғамдастыққа Үндеу жарияланбақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір