• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:10:41
Алматы
+35°

11 Қазан, 2019 Денсаулық

Сақ болыңыз! Дәрі ішіп, ауру жамап алмаңыз

Шымкенттегі қалалық клиниканың былығы әшкере болды

Шымкент қалалық клиникасындағы бактериологиялық лабораторияда мерзімі өткен дәрілердің қолдану мерзімін жаңартып, жаңа дәрі ретінде қайта қолдан жасалатындығы мен сырқаттардың диагноздары жалған қойылатындығы туралы  Рустем Ашетаевтың фейзбук  парақшасында жазды.

Ашатевтың жариялаған видеосында заңсыз жасалынған сәттер толық көрсетілген. Одан өзге оның парақшасында 2 лаборант  аталған былықтарға көз жұмып қарай алмайтындығын айтып, тікелей эфирге шықты.

мерзімі өткен дәрілер

Мәселені толығырақ білу үшін  Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысына хабарласқанында бір сағаттан кейін ресми өзіміз хабар береміз деді. Ал бір сағаттан кейін хабарласқанында әлі ресми мәлімдеменің жоқтығын айтты. Баспасөз маслихатының өтіп кеткеніне 2 сағат болғандығын алға тартып, неліктен мәлімдеме жасай алмайтындығын қайта сұрап, қоңырау шалды. Бізге оқиғаның шығу себеп салдары мен тікелей эфирге шыққан қызметкерлеріңіздің аты-жөнін толық атасаңыз дегеніне баспасөз хатшысы қысқаша жауап қатты.  

"Бұл жағдай бойынша тексеру жұмыстары басталды. Қосымша құзырлы орган өкілдері тарапынанда тексеру жұмыстары жүргізуде. Әзірге істің ақ қарасы белгісіз. Тексеру жұмыстарынан кейін міндетті түрде қосымша хабар береміз. Кешіріңіз, әзірге белгісіз мәлімет болғандықтан заң бойынша қызметкерлердің аты-жөнін атай алмаймын. Тексеру жұмыстары нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Кінәлілер жауапқа тартылады" – деді.

 Р.Ашатевтың  фейзбук  парақшасындағы жазбаға зер салсақ.

Бұл сорақылық  Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының басшылығына, облыстық денсаулық сақтау мен еліміздің медицина саласына үлкен сын болып тұр.

ШҚКБА-ның бактерологиялық лабораториясындағы жан-жақтан келген анализдердің зерттелмей, ойдан жазылған қортындыларының кесірінен қаншама жандар зардап шегетінін айтудың өзі артық шығар.

Дәрігерлердің сізге дұрыс диагноз қоюы үшін алдарында дұрыс анализдер болуы керек. Егерде қолдарындағы сенген анализдері мүлдем өтірік болса ше?

Сіздің ауруыңызды анықтап емдеу үшін сіздердің организімдеріңізден табылған бактериялармен вирустарға, нақты қандай антибиотик әсер ететіні анықтап алу керек болады. Дәрігерлер диагнозды қоярда осындай лабораториялалдың қортындыларына қарап назначения береді.

Егерде лабораторияда өтірік қортынды берілсе немесе ол қортындыларын срогы өткен дәрілермен анықталса, онда дәрігердің назначениясы сізді емдеудің орнына, сізге қауіпті болуы, дәрілердің сізге мүлдем әсері болмай, ауруханаға қалай барсаңыз солай ешқандай емсіз қайтып шығуыңыз мүмкін.

Сіздің дәрілерге жұмсаған қаржыңыз ауаға шашқаныңызбен тең. Организіміңіз қаншама антибиотиктерді босқа қабылдап, өзіңіз ауырып жүргенде одан ары уланасыз.

Осыған кімді кінәлайсыздар?

Әрине докторды.

Ал  "көлеңкеде" отырып, осындай былықтың бәріне себепші болып отырғандармен ешкімнің жұмысы жоқ. Өйткені, олардың "жабық есіктерінің" арғы жағында не болып жатқанын ешкім білмейді. Оны тек сол жердің жұмысшылары ғана біледі.

Қаламыздың қаншама поликлиникаларының анализдері осында келетінін, осы жерден "зерттелген" қортындыларымен сол поликлиникаларда адамдар емделетінінде ойласаң шашың тікірейеді.

Осындай былықтарға төзбей, ерлікке лайық іс жасап, барлық заңсыздықтардың бетін ашқан екі қызымызға қолдау көрсетейік ағайындар! Бұларды жан-жақтан талауы мүмкін енді.

Ресми мәлімдеме берілмесе де, Рүстемнің парақшасында әр болған сәттен тікелей эфир жүргізіліп отты. Баспасөз маслихатынан шыққан 2 лаборанттың БАҚ өкілдеріне берген сәтінен видеоларда жүктелді.  

Видеоның бірінде лаборант қыз "Осы бір жылдың ішінде болып жатқан оқиғалардан өзім хабардармын.  Ақ адамды қара деп өздері сүттен ақ судан таза болмақшы.

Бұл мекемеде 2 дәрігер 4 лаборант, 3 санитарка қызмет етеді. Алғашында мен жалған дәрі жасалатынын білмедім.  Қалай білдім, сол сәттен бастап қарсылығымды білдіріп,  олай жасай алмайтындығымды айттым.

Маған басшылық тарапынан қысым жасалуда. «Мен қателесіп түсірдім деп, отказ жаса", – деді.  Ал мен отказ жасамайтынымды ашық айттым.  

Кешеден бері тексеру басталды. Қарабеков  және т.б кісілер  мен комиссия  мүшелері лабораторияға келді. Олардың ішінде заңгерде болды.  Дәрінің жалған қалай жасалатынын  көздерімен көріп,шок болып, қолдарымен ұстады. Серия нөмірі тіркелмегенінде білді. Бірақ, олар басқалай сөйлеп отыр.

Бүгін Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы Байдувалиев мені арнайы шақырып, сізде осы іс түрғысында  жауакершілікке тартыласыз деді. Әріптестерімнің бәрі бір жақ болып, мені кінәлі етіп отыр».

Әр жүктелген видеолардан  істің былығы мен шылығы көптігіне көз жеткізесіз. Бүгін басталған қылмысқа да ұқсамайды. Екі лаборанттың әр сөзінде бізге жұмыс емес, халық ақиқатты білу керек. Клиникаға келетін әр жан сақтанса деген жан айхайын түсінесіз.

 

Ақтолқын Тажикова

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір