• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:30:40
Алматы
+35°

Атырау облыстық перинаталдық орталығындағы қызметтерінен  бас тартып, арыз жазған дәрігерлермен ҚР парлемент мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова кездесіп, талаптарын тыңдады. Халық қалаулысының айтуынша атыраулық дәрігерлерде қорқыныш бар деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Біздің іс-сапарымыздың мақсаты Атырау перинаталдық орталығындағы дәрігерлермен жүздесу,олардың талап-тілектерін тыңдау. Өйткені, бұл жағдай халықтың ем алуына, медициналық көмек алуына кедергі келтірмеу керек. Қазір мұндағы ұжым бірқалыпты жұмыс атқарып жатыр. Министрліктен мамандар, сондай ақ, Ақтөбе медициналық университетінің дәрігерлері, Алматы мен Астанадағы ғылыми зерттеу институттарының профессорлары келіп қолдау көрсетіп жатыр. Сондықтан барлығымыз жұдырықтай жұмылып, мұндағы ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызметтің деңгейін төмендетпеуге жұмыстануымыз қажет. Сонымен қатар ұжымға моралдық-психологиялық көмек беруіміз керек. Қазір перинаталдық орталықтағы дәрігерлерде үрей мен қорқыныш бар. Олар "қандай қателік жасап қоямыз, ол үшін бізді қалай жазалайды" деп қорқып қалғаны байқалады",- дейді ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.

Еске салсақ, Атыраулық дәрігерлер жаңа туған шақалақты өлді деп жазып қойғандықтан, оның тірі екендігіне қарамастан, шақалақты мұздатқышқа салып тастағаны туралы жаға ұстарлық жаңалық күллі жұртты дүр сілкіндірген болатын. Осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір