• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:03:22
Алматы
+35°

12 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Жалпы заң көп. Барлық нәрсе заңның аясында істеледі. Бәріміз де заңға бағынамыз. Тәртіпке бас иген құл болмайды. Мемлекет заңсыз өмір сүре алмайды. Әрине, заңға уақыт озған сайын өзгерістер енгізіледі. Тіпті мемлекет өркендеп, кемелдену шағына жеткенше  Конституцияға да  толықтырулар енгізіліп отырылады. Тіпті ұзақ мерзімге арналған тұжырымдамалар бар. Бұл дұрыс та. Дәл осы тұжырымдама алда қандай заң жобалары қабылданады? Олардың бағыты қандай болуы керек? Бәрі-бәрі атап көрсетіледі. Мысалы, «2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» заңды қарастырайық.

Мұнда Қазақстан қандай құқықтық мемлекет болуы керек? Алдағы уақытта осыған байланысты қандай заңдар қабылдануы қажет? Бәрі атап көрсетіледі.

«2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2009 жылы тамыз айында жарияланды. Бұл өте ауқымды Қазақстан халқы үшін өте қажетті тұжырымдама екендігін атап өтейік.

Ал бұл тұжырымдаманы неге қайтадан қабылдау керек болды?

  1. Атап айтар болсақ, 2002 жылы қабылданған осындай құқықтық тұжырымдама 2010 жылға дейін өз миссиясын адал орындады.
  2. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына орнықты әсер еткен және қамтамасыз еткен көптеген заңнамалар қабылданды.
  3. Жаңадан  бірқатар кодекстер қабылданды. Олардың ішінде Еңбек, Экологиялық кодекстер мен Орман, жер су, Кеден және тағы басқа салалық кодекстер мен нормативтік құқықтық актілер қабылдады.
  4. 2007 жылы Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
  5. Өлім жазасын қолдану аясы қысқартылды.
  6. Сот-құқықтық салада реформа бастау міндеті тұрды.
  7. Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену міндеті қойылды.
  8. Қазақстан заңын халықаралық талаптарға сай ету мәселесі алға қойылды.   
  9. Сондықтан әлемнің дамыған елдерімен заңдарымен  бәсекелестікке түсе алатын сапалы заң дайындауға қадам бастық.
  10. Ұлттық құқықты дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.
  11. 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін жетілдіру, мемлекеттік басқару жүйесін тиімді ұйымдастыру, салық заңнамасын одан ары жетілдіру, ақпарат саласын нормативтік-құқықтық жағынан реттеу, «электрондық үкімет» қызметін дамыту сияқты келелі міндеттерді құқықтық жағынан қамтамасыз ету жоспары алға қойылды.
  12. Аталған тұжырымдамада тәуелсіз Қазақстандағы құқықтық жүйені жетілдірудің он жылға арналған (2010-2020ж.ж) басымдықтары нақты көрсетілді.

Расын айту керек, он жылға арналған  құқықтық саясат тұжырымдамасы толыққанды өз міндетін атқарды және атқарып та жатыр. Аталған тұжырымдамада сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жойып, кәсіпкерлікті қорғайтын  және реттейтін заңнамалар қабылдау қажеттілігі туғаны атап көрсетілді.  Сондықтан да заңдық жағынан ешқандай кедергі болмайтын озық әрі сапалы заңдар жиынтығын өзімізге бейімдеу күн тәртібіне шықты. Әрине бұл тұрғыда кез келген кәсіпкерге өз тірлігін жандандыру үшін ең алдымен сапалы заң кепіл бола алады. Сол арқылы кәсіпкерлер өздерінің іскерлік және бизнес мәдениетін дамытады және оны толықтай игереді.

Жаңа тұжырымдамада отандық қаржы нарығын игеру  үшін  қажетті заңнамаларды қабылдау мен құнды қағаздар нарығын құқықтық тұрғыдан реттеу   де басты міндеттердің бірі екендігі айтылды.  Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын сапалы деңгейге көтеріп, халықтың оларға сенімін арттыру да  тұжырымдамада нақты көрсетілді.

Әрине, он жылға арналған ауқымды құқықтық саясат тұжырымдамасы біздің кез келген саланың дамуын жеделдетіп, оның құқықтық жағынан қолдады және қорғады десек, ол енді анық нәрсе.

Иә, біздің негізгі бағытымыз – халықтың әл-ауқатын арттыратын әлеуметтік мемлекет құру болғандықтан, ең алдымен  әділетсіздіктердің болмауына негізгі құжат Конституция кепілдік беріп отыр. Сондықтан нарықтық экономика барған сайын дамып бара жатқан тұста халықты жұмыспен қамтамасыз ету, денсаулық саласын нығайту мен білім саласы да құқықтық жағынан қорғалады және қорғала береді. Осы орайда айта кететін бір нәрсе, заман дамыған сайын, өркениет пен нарық технологиясы заң да ,заңнама да өзгеріп,  толықтырылып отырады.

Әрине, әр кезеңнің өз заңы бар, алға қойған міндет, жоспары болады. Ал 2010-2020 жылға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының біріншіден, халықтың құқықтық санасын көтеруде зор рөль атқарып келеді. Бұл енді  әмбеге аян екендігі белгілі. Сондықтан да елімізде құқықтық тәртіп орнап, халықтың құқықтық мәдениеті жетіліп жатса, онда бұл қоғам үшін үлкен алға басу болып табылады.

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір