• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:24:35
Алматы
+35°

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Хабар" телеарнасына берген сұхбаты жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.\

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев саяси модернизация процесі мен елдің даму болашағы туралы өзекті сұрақтарға жауап берді. ⠀ Сонымен қатар, Елбасы журналистерге өзінің жаңа жұмыс кестесі туралы айтып, «Нұр Отан» партиясының жұмысын жандандырудың басым міндеттеріне тоқталды.

Елбасының журналист Айгүл Әділовамен және Ринат Кертаевпен әңгімесі 50 минутқа созылды. Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанына өкінбейтінін, мұны халық пен Қазақстан үшін жасағанын атап өтті. Одан әрі Қазақстандағы "қос билік" туралы қауесетті кім және не үшін тарататынын, өкілеттікті неге Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергенін, Қазақстанның үлкен қалаларына қоныс аудару жағдайына түсініктеме берді, синофобия туралы да айтты, сондай-ақ, басқа да сұрақтарға жауап берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір