• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:11:35
Алматы
+35°

Бұрынғы қақпашы Илья Байтеряков Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда апатқа ұшырады. Оның әкесі мен ұлы көз жұмды, Ильяның өзі ауруханаға түсті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет "Бұрынғы қақпашы Илья Байтеряков отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады. Ильяның өзі жүргізген көлік Семей-Өскемен тасжолында аударылып кеткен. 35 жастағы экс-футболшының кіші ұлы мен әкесі бірден қайтыс болды. Илья мен тұңғыш ұлы ауыр халде жатыр", - деп өзінің Telegram каналында жазды.

Оның айтуынша, Илья Байтеряков комада. Апат кезінде футболшының анасы мен әйелі де зардап шеккен.

Илья Байтеряков әр жылдары "Семей", "Энергетик", "Қазақмыс", "Ақжайық", "Восток", "Атырау" футбол клубтарында ойнаған. Қазақстанның жоғары лигасында 45 матч өткізіп, 86 гол жіберген. Бірінші лигада шамамен 150 матчқа қатысқан.  

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір