• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:06:04
Алматы
+35°

Олар Абай атындағы кітапханада қалалық белсенді жастармен және этно-мәдени бірлестіктермен кездесті.

Бұл экспедиция Павлодар облысынан өтіп, енді ШҚО-ға келді. Кездесу барысында экспедицияға қатысушылар саяхат туралы өз әсерлерімен бөлісіп, туған жердің тарихын білу қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Экспедицияның басты мақсаты –  жастарды туған өлкенің тарихымен таныстыру және өскелең ұрпаққа патриоттық сезімді тәрбиелеу.

–  "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Олардың бірі – біздің экспедиция. Біздің мақсат –  тек бағыт бойынша жүріп қана қоймай, тарихты танып, жастарға патриоттық тәрбие беру. Біздің экспедицияның барлық қатысушылары әртүрлі конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары. Экспедиция кезінде біз фото-бейне түсіреміз және барлық осы ақпаратты әлеуметтік желілерге таратамыз. Осылайша бізбен бірге көптеген жазылушыларымыз да бірге саяхаттайды, – дейді Қарағанды облысы әкімдігі аппараты жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Ерлан Құсайынов.

Осы уақыт ішінде экспедицияға қатысушылар көптеген тарихи және маңызды жерлерге барады.

– Экспедиция қорытындысы бойынша брифингтер өткізіліп, телевизиялық бағдарламалар түсіріледі. Онда қатысушылардың әрқайсысы сапар туралы өз әсерлерімен бөліседі, – деп түйіндеді Ерлан Құсайынов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір