• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 22:27:37
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қазан, 2019 Саясат

Тоқаевтың ұлы туралы тың ақпарат пайда болды (фото)

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың ажырасқаны белгілі болды.

Саясаттанушы және Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов өзінің Telegram каналында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы Тимур Тоқаевтың фотосын жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тимур Тоқаев

Сондай-ақ Еділов президентің жалғыз ұлының өмірбаянынан қызықты дерек келтірді. 2009 жылы Тимур Тоқаев «Қазақстан Республикасының Батысқа қатысты стратегиясы» тақырыбында диссертация қорғап, саяси ғылымдар кандидаты дәрежесін алды.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Тимур Тоқаев 1984 жылы дүниеге келген және жеке кәсіппен айналысады.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың ажырасқаны белгілі болды. Бұл факт мемлекет басшысының өмірбаянында, Ақорданың ресми сайтында көрсетілген.

Ілмек сөздер: Тоқаев Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір