• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 16:11:41
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

11 Қазан, 2019 Аймақтар

Білім саласына баса көңіл бөлінуде

«Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет.

Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс.

Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында осылай деген болатын.

Расында да білім бру саласын дамыту күн тәртібінен түскен емес. Бағдарлы бастамалар аясында Тараз қаласында да тындырымды тірліктер тіктелуде.

Бүгінде қаладағы жалпы білім беретін күндізгі 60 мектеп пен 1 кешкі мектебінде жалпы 70 969 бала жаңа оқу жылын бастаса, оның ішінде күндізгі мектептерде 70 717 оқушы және кешкі мектепте 252 оқушы тәлім теруде. Оның ішінде арнайы сыныптарда түзете-дамыту оқыту бағдарламасымен – 265, инклюзивті біліммен –171, үй жағдайында 647 оқушы біліммен қамтылған. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 3814 балаға өскен Ал мұғалімдер саны 5911 бірлікті құрайды. Сонымен қатар, 186 мектеп алды даярлау сыныптарында 3672 бала білім алуда

-2019 жылы жалпы білім саласына 28 миллиард 308,0 миллион теңге бөлінді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 18,4 пайызға жоғары болып отыр. Жалпыға міндетті білім беру қоры шығындары есебінен аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына 2019 жылға 1 миллиард 273,8 миллион теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың 11566 баласының тегін ыстық тамағына – 722,2 миллион теңге, киім-кешекке 375,3 миллион теңге, жазғы мектеп жанындағы лагерьлерге 35,8 миллион теңге, жазғы сауықтыру лагеріне 140,4 миллион теңге қарастырылған,-дейді Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев.

Айта кету керек, Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №810 қаулысымен тегін ыстық тамақтың құны, бір балаға 450 теңге болып бекітілді. Ал Мектептердегі модификациялы сыныптардың саны 115 бірлікті құрады. Оның ішінде химия – 22, физика – 24, биология – 24, лингафондық немесе мултимедиялық сыныптар – 45. Сондай-ақ 60 мектеп бейне бақылаумен, 59 білім мекемесі 393 интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Қаладағы 60 мектептің барлығы кең жолақты интернет желісімен қамтылған. Сондай-ақ, қала маңындағы ара қашықтығы 3 шақырымнан асатын саяжайлардан 2232 оқушы 7 мектепке 17 автокөлікпен тасымалданады. Осы мектептердегі оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 452-ге өсіп отыр. Осыған байланысты, 2 мектепке 2 автобус сатып алуға 28,9 миллион теңге қаржы қарастырылып, автобустар сатып алынды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір