• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қараша, 11:05:02
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қазан, 2019 Спорт

58 жастағы қазақ балуаны әлем чемпионы болды (видео)

Грузияда өткен ардагерлер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында 58 жастағы Қазақстан балуаны Қасенхан Серғазиев алтыннан алқа тақты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан.  сайтына сілтеме жасап.

62 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз жартылай финалда ирандық балуанға қарсы шықты. Осы жекпе-жекте ол қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.

Ал келесі айналымда түрік балуанымен күресті. Бас кезінде екеуі тең жағдайда белдесті. Алайда әрі қарай Қасенхан Серғазиев өз басымдығын екі есеге арттыра білді. Қорытынды есеп – 4:8.

Финалда тағы түрік балуанымен кездескен болатын. Қарсылас бірден екі ұпайды алып кетті. Дегенмен, тәжірибелі спортшымыз  өз әдісін шебер орындап, төрт ұпаймен алға шықты. Одан кейін өз басымдығын 8 ұпайға жеткізді. Соңында түрік балуаны екі ұпай алса да, Серғазиевке жете алмады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем чемпионатының алтын медалін соңғы рет сонау 1999 жылы алған болатын. Ол кезде Мхитар Манукян Грекияның Афина қаласында өткен жарыста алтын медаль ұтып, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір