• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:59:24
Алматы
+35°

Алматы әкімі Б. Сағынтаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қаланың студент жастарымен кездесіп, «Алматы-2050» ұзақ мерзімді даму стратегиясының негізгі бағыттары туралы айтып берді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бақытжан Сағынтаев өзінің сөзінде стратегияның негізгі қағидаларына тоқталды, олар - экология, креативтілік, ілгерілеу, бірдей мүмкіндіктер, қауіпсіздік, мәдениет пен білімнің жоғары деңгейі, көпорталықтандыру және адамдарды бірдей шоғырландыру.

– Жастар барлық бастамалардың бел ортасында жүруі әрі басталған қала өзгерісінің қозғаушы күші болулары тиіс. Біз өз тарапымыздан идеяларды іске асыруға көмектесіп, креативті, инновациялы жобалар жасау үшін жастар кәсіпкерлігінің экожүйесін құратын боламыз, – деді қала әкімі.

Стратегия мәтіні әкімдіктің сайты мен газеттерде жарияланатын болады. Б. Сағынтаев қалалықтарды бағдарламалық құжатты талқылауға шақырды. Түпнұсқа желтоқсанда Урбан-форумде ұсынылатын болады.

Мегаполис әкімі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де болған кезде студенттерді оқыту жүйелерімен танысты, процессті инновациялар және Жерді қашықтықтан бақылау орталықтары бар IT-Технопаркін көрді. Жоғары оқу орнының ғылыми әлеуетінің қалаға тигізер пайдасы бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір