• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 23:10:23
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

11 Қазан, 2019 NEWS

Алматыда А. Қошановтың 85 жылдығы аталып өтті

Алматыда әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА-ның академигі Аманжол Қошановтың туғанының 85 жылдығына және ғылыми әрі қоғамдық қызметінің 60 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтті, деп жазады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алқалы жиын барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров салтанат иесін 85 жылдық мерейлі жасымен құттықтады және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хатын оқып берді.

«Құрметті Аманжол Қошанұлы! 85 жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын! Сіз көрнекті ғалым ретінде отандық экономикалық ғылымды қалыптастыруға мол үлес қосып келесіз. Сіздің ғылыми еңбектеріңіз және ілгері зерттеулеріңіз тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуіне өзіндік пайдасын тигізе беретіні сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Симпозиумның жұмысына танымал отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мемлекеттік билік органдарының, бизнестің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдері қатысты.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір