• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қараша, 11:08:56
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қазан, 2019 NEWS

Оқытушылардың жалақысы 50 пайызға дейін өседі

Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы мекеменің қаражаты есебінен өсетін болады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ректорларға жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін оқытушылардың жалақысын 30-50 пайызға көтеруді тапсырды. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

– Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру және педагогтарды қолдау жөнінде тапсырма берді. Осы тапсырма аясында министрлік мемлекеттік ЖОО ректорларына оқытушылардың еңбекақысын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30-дан 50%-ға дейін арттыру міндетін жүктеді. Бұл шешімнің нақты негізі бар, –  деп жазды Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, "жоғары оқу орындарының бюджетіне талдау жасалды, соның нәтижесінде оқытушылардың жалақысын көтеру үшін қажетті қор бар екені анықталды".

– Бүгінде бірқатар жоғары оқу орнының оқытушылары 60-70 мың теңге көлемінде жалақы алады. Мұндай саясатпен білім сапасын талап ету мүмкін емес. Еуразия ұлттық университеті, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті сияқты жоғары оқу орындары жалақыны қазірдің өзінде көтере бастады. Қалған мемлекеттік ЖОО менің тапсырмамды міндетті түрде орындауы тиіс", – деді Аймағамбетов.

Бұдан бөлек, министр ғылыми элитаны қолдау мақсатында жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін академиктерге қосымша ақы төлеу қажеттігін еске салды. Министрдің сөзінше, "академиктерге қосымша ақы төлеу үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлудің де қажеті жоқ".

– Мұны қолда бар қаржымен шешуге болады. Болашақта жас ғалымдарды қолдау тетіктері де қарастырылатын болады, – деді Аймағанбетов.

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір