• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 04:59:42
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қазан, 2019 NEWS

Б. Сағынтаев «Буревестник Алматы» волейбол клубын қабылдады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Буревестник Алматы» волейбол клубының ойыншыларымен, жаттықтырушылар құрамымен және әкімшілігімен кездесіп, 2019 жылғы Қазақстан Кубогін жеңіп алуларымен құттықтады, – деп жазады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қала басшысы барша ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында осындай биік нәтижеге қолжеткенін атап өтті, сонымен қатар «Буревестник Алматы» ЖШС директоры, генерал-майор, КСРО-ның спорт шебері Амангелді Шабдарбаевқа, команданың бас жаттықтырушысы, ҚазССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Запеваловқа, жағажай волейболының бас жаттықтырушысы Денис Ровкинге алғыс сөзін білдірді.

«Спорттағы лайықты нәтиже бұл – оқыстан болатын жағдай немесе істің оңынан тууы емес. Бұл – үнемі аянбай тер төгудің, өз күшіне сенудің және жеңіске жетудегі зор үміттің нәтижесі. Мен күнделікті жаттығулардың қуаныш әкелуін, тарыққан сәттерде сенімнің алға жетелеуін, ерен еңбектің лайықты жеңіспен марапатталуын тілеймін!», – деді Алматы әкімі.

Командаға ақшалай сертификат, клуб директоры Амангелді Шабдарбаевқа қалаға сіңірген еңбегі үшін «Еңбегі үшін» төсбелгісі тапсырылды.

«Еліміздің спорт орталығы ретінде Алматы қаланың спорт жетістіктері қоржынына үлес қосатын командаларға қолдау көрсететін болады», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

«Буревестник Алматы» волейбол клубы ХХ ғасырдың ортасында КСРО чемпионы, Еуропа Кубогінің екі дүркін иегері атанған әрі аңызға айналған «Буревестник» клубының дәстүрлерін жалғастыруда.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір