• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 23:06:05
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

11 Қазан, 2019 Аймақтар

Бәрі балалар үшін

Бала бақытынан асқан дүние жоқ. Ал балғындардың қауіпсіздігі әркез басты назарда. Жамбыл облысы Шу ауданында осындай ұранмен бүгінде ауқымда шаралар ұйымдастырулада. Соның бірі күні кеше кең көлемде өткізілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Шара барысында аудандағы бастауыш сынып оқушыларының арасында «Бағдаршам» деп аталатын 76 көрме, бейнелеу өнерінен 105 сайыс және осы бағыт бойынша 576 тәрбие сағаты ұйымдастырылған. Осы іс-шаралар аясында аудан оқушыларына жол ережесіне қатысты видеороликтер де көрсетілген. Сонымен қатар, республикалық акция шеңберінде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен аудан әкімдігіне қарасты білім бөлімінің мамандары бірлесе жұмыс атқарып, аудандағы 24 мектепте «Абайлаңыз, балалар!» атты тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Айта кету керек, дәл осы акцияның мақсатына сәйкес, ағымдағы айдың басында оқушылар тасымалына арналған қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы зерделенген болатын. Белгілі болғандай, аудандағы 8 елді мекеннен 323 оқушы тасымалмен оқытылады екен. Оған кейбір ауылда мектептің болмауы немесе бастауыш сыныптың ғана болуы себеп болып отыр.

Жоғарыда аталған байқауға ауданымыздағы орта мектептерден 7 қоғамдық көлік қатысты. Олардың қатарында Шу қаласында орналасқан С.Сейфуллин, Тасөткел ауылындағы Т.Рысқұлов, Көктөбедегі Жамбыл, Бәйдібектегі М.Мәметова, Мойынқұм ауылындағы Мойынқұм, Далақайнар ауылындағы Т.Әшімбаев және Белбасар ауылында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептер бар. Аталған 7 автокөліктің де санитарлық жағдайы тексеріліп, алғашқы медициналық көмекке қажетті құрал-жабдықтар мен өрт сөндіргіш құралдары да толық қаралды. Тіпті, ондағы дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімдеріне дейін қатаң тексерілді. Атқарылған шаралардың нәтижесіне сүйене келе, аудан әкімдігінің білім бөліміндегі қызметкерлер үздік қоғамдық көліктердің жүргізушілерін Алғыс хаттармен марапаттады.

Бұл шаралардың легі өткен аптада аудан орталығында жалғасын тапты. Ол акцияға Жамбыл атындағы гимназия, Е.Бекмаханов атындағы гимназия, М.Мақатаев атындағы орта мектеп және Шу қаласындағы әль-Фараби мен Абай атындағы мектептердің оқушылары қатысып, ән айтып, мың бұрала би биледі. Акцияның шымылдығын ашып берген білім бөлімінің сектор меңгерушісі Р.Мықтыбекова сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында «Жол ережесін сақтаңыздар!» деген тақырыппен жолға сурет салу байқауы өтті. Нәтижесінде, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан оқушыларға арнайы сыйлықтармен және Алғыс хаттар табыс етілді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір