• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 23:06:45
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

11 Қазан, 2019 Аймақтар

Бас жоспар – оңтайланудың бастауы

Елді мекендердің бас жоспарын белгілеу мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Бұл бастама елімізде Тәуелсіздік таңы атқаннан бері қолға алынып, жылда пысықталуда. Жамбыл облысы да бұл үрдістен айнымай, аудандар мен қалалардың бас жоспарын бекітіп, болашақтың мақсатты міндетін айқындауда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Жалпы Жамбыл облысында барлығы 377 елді мекен бар. Оның ішінде 4-і қала. Тұрғындарының саны 5 мыңнан асатын елді мекендер облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды қоса есептегенде 32 (халық саны 5 мыңға дейінгілер – 345). Бүгінгі күнге 362 елді мекен бас жоспармен және оңайландырылған нұсқасымен қамтылған (о.і. 32 - бас жоспармен, 330 – оңтайландырылған нұсқасы). Есепті кезеңде, яғни 2016-2019 жылдары 35 елді мекеннің бас жоспары мен оңтайландырылған нұсқасы бекітілді.

Халық саны 50-ге жуық, бас жоспардың оңайландырылған нұсқасы әзірленбеген 15 елді мекен бар. Осылардың ішінде 8 елді мекен бойынша оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Яғни, Мойынқұм ауданында 4 елді мекен халықтың тұрмауына байланысты таратылады, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандары бойынша 4 елді мекен жақын орналасқан ауылдарға қосылатын болады. -Мойынқұм ауданы (Кіші-Қамқалы, Байтал, ГРЭ-21, Арал) елді мекендерін ауданның елді мекендер есебінен шығару туралы аудан әкімдігінің қаулысы мәслихаттың бірлескен 24.12.2018ж № 35-9 шешімі қабылданып, бүгінгі күнге облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімдірінің қаулы жобасы әзірленіп, бекітіліп, Жамбыл облысы бойынша Статистика департаментіне ұсынылды; -Сарысу ауданы Талас ауылын Өндіріс ауылының құрамына қосу арқылы қоныс санатына ауыстыру және Жарқұдық ауылын Жаңаталап ауылының құрамына енгізу туралы әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы аудан әкімдігінің қаулысы мәслихаттың бірлескен 26.11.2018ж № 40-11 шешім қабылданды; -Т.Рысқұлов ауданы Разьезд-98 ауылын Ақбұлақ ауылдық округі Р.Сабденов ауылының құрамына қосу арқылы қоныс санатына ауыстыру туралы аудан әкімдігінің қаулысы мәслихаттың бірлескен 21.12.2018ж № 34-18 шешім қабылданды; - Шу ауданы Бөлтірік ауылын Ақтасты елді мекеніне қосу туралы бірлескен Шу ауданы әкімдігінің қаулысы мен Шу аудандық мәслихаттың 25.12.2018ж №39-4 шешім қабылданды.

Міне осылайша айқындалған бас жоспардың арқасында елді мекендер біріктіріліп, тірлігі оңтайландырылуда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір