• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:16:42
Алматы
+35°

Кейінгі онжылдықта елімізде жеке тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алғаны белгілі. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» сынды бағдарламалар бұл бағыттағы жұмыстарға жан үрлегені тағы белгілі. Осы орайда Жамбыл облысында Iжеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдері де жүйелі тапсырылуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс бойынша бүгінгі таңда жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер телімдеріне Тараз қаласы мен аудандар әкімдіктерінде 115 859 (01.10.2019 жылғы жағдайға) азамат кезекке тіркелген.

2019 жылдың 1 қазандағы мәліметке сай облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрған азаматтарға 2005-2019 жылдары аралығында 31 755 жер телімдері берілген, оның ішінде 2019 жылы 1125 жер телімі.

Облыс бойынша бекітілген бас жоспар және оңайлатылған сызба негізінде жеке тұрғын үй құрылысына 81 тұрғын алқап (Тараз қаласы -7, Байзақ-16, Жамбыл -12, Жуалы -10, Қордай -12, Меркі -14, Т.Рысқұлов -4, Шу -6 ) қарастырылды.

Облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасынан жинақталған мәліметке сәйкес, облыс көлемінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін әзірленген алқаптарға талдау жүргізіліп, елді мекендердегі алқаптардың жағдайына қарай үш топқа бөлу қарастырылды.

1 топ. Алқаптарға қажетті инженерлік инфрақұрылымдармен қамтылған алқаптар. Бүгінгі күнге халыққа берілуге әзір 3073 жер учаскесі белгіленді. Ендігі кезекте кезектегі азаматтарға табысталады.

2 топ. ҚР Жер кодексінің талаптарына сәйкес су жүйесімен орталықтандырылмаған елдімекендерге тек электр желісін тарту арқылы 3722 жер учаскесін таратуға жатады.

3 топ. Инженерлік инфрақұрылымдарды жүргізуді және жер учаскесін мемлекет мұқтажына алу арқылы 29547 жер учаскесін (көлемі 6143 га) таратуға жатады.

Елді мекендердің бас жоспарларына сәйкес анықталған 81 алқапқа қосымша, жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге болатын алқаптарды, инженерлік инфрақұрылымдармен қамтылған елді мекендер ішінен (айналасынан) 169 бос жер учаскелері анықталды. Аталған жер учаскелері кезектегі азаматтарға 2019 жылдың соңына дейін таратылатын болады. Осылайша жамбылдықтар жеке тұрғын үй соғуға мол мүмкіндік алып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір