• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:49:40
Алматы
+35°

НЕ ДОЕЗЖАЯ - жетпей жер...

Қазақ тілі қазақ журналистеріне ғана керек дейін десең, артыңда қормалы жұрт бар... Топырақ шашқың келмейді. Бірақ теледидарды қосып қалсаң, бәрі шоу  қай арнадан да Қабатовтың командасы шыға келіп, "прикинь", "так же", "прикол", "представляешь" деп шүлдірлеп тұрады... Қазақ тілінде жаргон сөз, қызық тіркес, ойлы орам жоқ секілді құдды... Мектеп барсаң, кеше ғана ауылда сенімен бірге өскен қыз перзентіне орысша шүлдірлеп тұрады. Кімге ренжисің сосын... Табанының бүрі жоқ, бақыт басқада деп білетін сорлы жұртпыз ба әлде...

Радиоларды ауыстырып тыңдайтын әдетім бар. Екі аптадан бері "Авторадионы" қосып жүрмін. Таңертең Алматы көшелеріндегі жағдайды айтатын қыз жүйкені жұқартып бітті. Таңғы 7-ден кейін Алматыда кептелексіз көше жоқ. Әлгі қыз: "Күдерин көшесімен оңтүстік бағытқа, Райымбек даңғылына ЖЕТПЕЙ ЖЕРДЕН жол қозғалысы қиындаған", – деуден танбайды. "Не доезжая Райымбека" дегенді "жетпей жерден" деп ала салған. Қазақ тілінде бұрын-соңды болмаған, болуы да мүмкін емес заңдылық. Бұлар болдырады, сіңіреді осылай. Тілге жаны ашитын үлкенірек біреуден сұраса, "Райымбек даңғылының тұсында", "Райымбек даңғылының алдында", "Райымбек даңғылына таяу тұста" деп есі дұрыс кеңес берер еді ғой. Арғы жағындағы "жол қозғалысы қиындаған" дегені де калька тіркес екенін айтпай-ақ қояйық, мүлде шоршып түсер. "Райымбек даңғылына жетпей жерден кептеліс орын алып тұр" деп одан әрі быламық жасайтын болар...
Өздерің сорлы ғып көрсетесіңдер де, "қазақ тілінде болашақ жоқ" дегізесіңдер. Жан-жақтарыңа қарасаңдаршы, жазғандар-ау...

Есей Жеңісұлы

Facebook-тағы парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір