• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:33:51
+35°

15 Қазан, 2019 Саясат

"Қытай тыңшысы" деп айыпталған Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды

Еске сала кетсек, расталмаған дерек бойынша Константин Сыроежкин "тыңшылық" бабы бойынша күдікке ілінген болатын.

Қытайтанушы Константин Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл ақпарат Алматы қалалық сотында расталды. 

"Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша Константин Сироежкин мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырды. Қылмыстық кодекстің 51-бабы негізінде негізгі жазаны өтегеннен кейін Константин Сирожкинге Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне бес жыл мерзімге тыйым салуынып, елден мәжбүрлі түрде шығарылады", - делінген ресми хабарламада. 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, Константин Сироежкин осы жылдың ақпан айында мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 7 қазанда сот үкім шығарды: Сирожкин кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір