• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:45:41
Алматы
+35°

Дәл қазір Қазақстан цифрлық дәуірге қарышты қадам басты. Оны облыс орталықтары мен мегаполистер ғана емес, шалғайдағы елді мекендер де сезуде. Бұрнағы кезі тек теледидардан көретін электронды қызмет түрлері бүгінде алыстағы ауылдарға жетіп, қара халық өркениет көшінен бір елі қалмауда. Әрі «Цифрлық Қазақстан» жобасы барлық салада қарқынды қолданылуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Оған дәлел, қазіргі таңда Жамбыл облысында халық санағын жүргізу үшін электрондық картаны жаңарту бойынша ауқымды істер атқарылуда. Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің елді мекендердің электронды картографияларына жаңарту түзету енгізу үшін Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне қажетті қаржы көлемінің есебі жасақталып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиясы бар 5 мердігер мекемелерінің салаға қатысты құжаттарын бір көзден мемлекеттік сатып алуды алу тәсілімен мердігер ұсынған «Тараз Тау Жоба» ЖШС , «Символ-Плюс» ЖШС, «ГИС» ЖШС, Тараз қаласының «Жер кадастр орталығы» ЖШС үлгілік келісім-шарт, жаңарту жұмыстарына қажет етілетін алғашқы деректер тізбесі, баға ұсыныстары, техникалық ерекшеліктері лицензия құжаттарын коммерциялық ұсыныстарын зерделеп типтік техникалық шарт және үлгілік келісім-шарт жобалары әзірленіп, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне 2016 жылы әзірленген қылмыстық құқық бұзу картасын қайта жаңғыртуға және 2019 жергілікті бюджеттен қаржы көздерін қарастырып, қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Бұл әрине тірліктің басы ғана. Электрондық картаның жамбылдықтарға берері мол екені даусыз. Одан бөлек, халық санағын жүргізуде де электронды картаға сүйене отырып, тізімді түзеуге де мүмкіндік тумақ. Біз сөз етіп отырған цифрлық дәуір бұл ғана емес, бүгінде құқық саласында да кеңінен қолданылуда. Атап айтсақ, қазір барлық елді мекендер мен шалғайдағы ауылдардың ауласына дейін бейне бақылау жүйесі жетіп жатса, заманауи қондырғылармен жабдықталған полиция көліктері жолдарымызбен жүйткіп жүр. Ол аз десеңіз, бұрнағы кезі жол сақшылары тәртіп бұзған жүргізушілерге айыппұлды қағазбен жазып беретін болса, қазір компьтерлік бағдарлама сізге айыппұл жазу керек па, әлде жоқ па, соған дейін шешіп береді. Яғни жүргізуші бұған дейін жол ережесін бұзбаған болса, оған бір жолға ескерту түріндегі жаза белгіленуі мүмкін. Міне бүгінгі цифрлық дәуір осы биікке дейін жетіп отыр. Бұл әрине келешегіміздің қандай боларының бастапқы көрінісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір