• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:14:47
Алматы
+35°

Тараз қаласында ақпараттық технология саласы мамандарын даярлау, жоғары технологиялық жобаларды құру мақсатында «Taраз HUB» ақпараттық технологиялар орталығы жұмыс жасауда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл орталықтың тағы бір ерекшелігі мұнда ақпараттық технология саласында қызмет ететін бірқатар жамбылдық компаниялар шоғырланған.

––Бұл еліміздегі Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana HUB» ақпараттық технология орталығынан кейінгі екінші құрылым. Бұл орталық арқылы дәл осы салаға бейімделген коммерциялық ұйымдар тек өз мүмкіндіктерін еселеумен айналысады. Олардың құжаттарын реттеу, әкімшілік есеп қисаптарын жүргізу толығымен орталық әкімшілігінің еншісінде,–дейді орталық директоры Нұрсұлтан Темірханов.

Осындай топтың бірі «Enactus Dulaty» командасы. Жақында ғана АҚШ жеріндегі жаңа технологиялар бағытында өткен дүниежүзілік біріншілікте ел намысын абыроймен қорғаған білгір жастар мұнда «Warm Box», «Water Energy» жобаларын жетілдірумен айналысып жатыр. Жобаның негізгі мақста ауыл шаруашылығы және ағаш өңдеуші кәсіпорындардың қалдығынан тас көмірді алмастырушы отын түрін өндіріске енгізу болып табылады. Топ мүшелері отынның осы бір түрі арқылы облыстағы елді мекендерінің қатты отынға сұранысын толық өтеуге болатындығына назар аударады.

– Орта есеппен жылыту маусымында ауылдардағы үйлерді 4-5 тонна көмір жұмсалады. Бұл ауыл тұрғындары үшін өте үлкен шығын. Біз өз жобамыз арқылы бұл шығынды 8 есеге азайтуға мүмкіндік беріп отырмыз. Сондай-ақ біздің команда тозығы жеткен машиналарға ауа сүзгісін орнату, баламалы энергия көздерін ойлап табу бойынша да жобалар дайындап жатыр. Ең әуелі жоғарыда аталған жобаны табыс көзіне айналдыру арқылы бірте-бірте басқа жобаларымыз жүзеге асыруға көшеміз., –дейді топ жетекшісі Кәрімжан Сүлейменов.

«Taраз HUB» ақпараттық технологиялар орталығының жетекшісі айтуынша бұл мекеме жас әрі озық ойлы кәсіпкерлерді қолдауда тек кеңсе бөлмелерін арзан бағада жалға беріп қана қоймайды. Орталықтың ұйытқы болуымен компьютерлік бағдарламаушылар арасында «хакатон» деп аталатын сайыстар өткізілмек. Байқау жеңімпаздарына арнайы гранттар да тағайындалады. Бұл гранттарды жас кәсіпкерлер өздерінің бизнес-идеяларын іске асыруға жұмсайды.

Ал орталықтың fab-зертханасы өңір мектептеріндегі робототехника кабинеттерімен тығыз байланыста жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар мұнда робототехникадан дәріс оқитын ұстаздар да біліктілігін жетілдірмек.

Қазір мұнда 30-ға жуық стартап-компания жұмыс жасауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір